Қоғам 21.11.2017 сағат 10:00  407

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаражат көлемі артып отыр

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін облыс орталығында өткен жиында айтты. Аталған басқосуда Нұрлы жер» және «Туған жер» бағдарламаларын жүзеге асыру барысын талқылан болатын. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, басқарма, құрылыс және жол компанияларының, жер қойнауын пайдаланушылар компанияларының басшылары қатысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еске салайық, былтыр Мемлекет басшысы қазақстандықтардың баспана проблемасын толыққанды шешуу үшін жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын жариялаған болатын. Ол осыған дейінгі жұмыс істеп келген өзге тұрғын үй бағдарламаларының басын біріктіреді және халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздейді.

Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылдың он  айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 51 млрд. теңге инвестицияланғанын атап өтті.

«Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 34% көп. Тағы 7,4 млрд теңге инфрақұрылымға, 13 млрд. теңге «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінді. Біз өңірге бөлінген қаражатты игеруіміз қажет. Барлық нысандар белгіленген уақытында тапсырылуы тиіс. Облыста көлік жолдарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары бойынша үлкен шаруалар жүргізіліп жатыр. «Ақтөбе-Атырау» көлік жолының құрылысы басталды. Құрылыс материалдары мен техникалардың кестесін жасау керек. Сондай-ақ, биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін кем дегенде 14 мың жер телімін беруіміз қажет», -деді жиынды ашқан облыс әкімі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов есептік кезеңнің ішінде 495,2 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін мәлімдеді. 3516 пәтер салынса, оның 1566-сы жекеменшік үйлер, 1950-і көппәтерлі үйлердегі пәтерлер. Жыл соңына дейін қосымша кем дегенде 254,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 

Тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандарға инфрақұрылым жүргізу үшін 6 млрд. теңге игерілген, жоспарланған 757,7 шақырым желінің 652,7-сі төселді.

Осы жылы сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйді салуға 1,5 млрд. теңге бөлініп, 300 пәтердің құрылысы басталса, оның 180-і осы жылы пайдалануға берілмек.

Жекеменшік үйлердің пилоттық бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында бірыңғай сәулет стиліндегі 122 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. 2017 жылдың 1 желтоқсанына қарай 105 пәтерлік 65 үйді тапсыру жоспарланып отыр.

Жиын қатысушыларына президенттің «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жеткізді.

Атап айтқанда, баяндамашы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында құны 2,8 млрд. теңге болатын 555 жобаның жоспары дайындалғанын еске салды. Қазіргі таңда 5,7 млрд теңгеге 416 жоба жүзеге асырылған. Жоспарланған тоғыз ірі әлеуметтік нысанның алтауын пайдалануға берген Ақтөбе қаласы қаражат тарту жағынан алда келеді.

Е.Нұрғалиев соңғы жылдары аудандар мен ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына, мәдениет нысандарының материалдық-техникалық қорын нығайтуға байланысты сұрақтардың бюджет қаржысы есебінен шешіліп жатқанын атап өтті.

Бұған қоса, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбеде 1200 орындық Өнер орталығы салынды. Ғимаратта Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филормонияның он шығармашылық ұжымы орналаспақ. Бұдан өзге, МЖС аясында Қарғалы ауданының Қосестек ауылында ауылдық клуб, облыс орталығында «Жұбановтар әлемі» мұражай үйі жұмысын бастады. Жыл аяғына дейін тоғыз экспозициялық залы бар облыстық өлкетану мұражайы пайдалануға берілетін болады. Аудандардағы мәдениет үйі, кітапхана, мұражай ғимараттарының жетіспеушілігі МЖС механизмдері арқылы шешілуде.

Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде «Түлек.кz» жобасын жүзеге асыру жандандырылды. 165 мектепте түлектер туралы барлық мәліметтер жазылған арнайы сайттар жасалды. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде түлектер туған өлкелерінің әлеуметтік нысандарына жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге көмек көрсетті.

Жиналыс азаматтардың әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарында жазылған неғұрлым өзекті сауалдарын қараумен тәмәмдалды.

«Әлеуметтік желілердің талдауы соңғы кездері коммуналдық қызмет жұмысына шағымданатын ақтөбеліктер санының артқанын көрсетеді.  Шағымдардың дені жолдың жағдайы, аяқ алғысыз батпақ, жаяужолдың жоқтығы, сонымен қатар қоқыстың уақытында шығарылмауына байланысты. Соңғы айдың ішінде Есет батыр, Құлымбетов, Бөкенбай батыр, Нариманов көшелеріндегі, 41 разъез, Әуе қалашығы, Оңтүстік-Батыс-1, Батыс аудандарындағы, Пригородный, Кірпішті және тағы басқа ауылдардағы батпаққа қатысты сексеннен аса шағым, тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс үйінділеріне қатысты қырықтан аса пост жарияланған», - деді облыс әкімінің аппарат басшысы орынбасары Ерлан Қаттабеков.

Сондай-ақ, ақтөбеліктер қоғамдық көлік жұмысына,автобус аялдамаларының жағдайына, люктердің ашық қалуына, көшелердің жарықтанбауына және басқа да мәселелерге шағымданады.

«Осыған ұқсас мәселелерді аудан тұрғындары да көтереді. Мәселен, Хромтау ауданына қарасты Сарысай ауылының халқы жаяужолдың жоқтығына ашынады. Ойыл ауданы халқының батпақ пен жол жабындысына көңілдері толмайды», -деп сөзін жалғастырды аталған мәселелерді шешудің бірқатар ұсынысын айтқан Е.Қаттабеков.

Ол қаладағы батпақтың басты көзі топырақ екенін атап өтті. Осыған байланысты шағын аудандарды, жол бойындағы жерлерді көгалдандыру, жаяужолдар салу,  жүк көліктерін құрылыс алаңдарына кіру кезінде тазарту жағын қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Оның ойынша, қаланың ластану мәселесін түбегейлі шешу үшін кешенді амалы керек.

Облыс әкімі аталған ұсыныстарды қолдап, оларды құзіретті мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындарға орындауды тапсырды.

Бердібек Сапарбаев азаматтардың арыз-шағымдарына, әсіресе әлеуметтік желілердегі мәселелерге жедел әрекет етуді талап етті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Жиренқопа-Первомайское» өткізу бекетінің күн сайынғы жұмыс тәртібіне көшуіне байланысты сұрақпен жұмыстануды тапсырды. Аталған мәселені өңір басшысы 16 қараша күні  Ақтөбеде өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік бойынша үкіметаралық комиссияның 19-шы оытырысында қозғаған болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар