$ 448.15  483.46  4.86

Замираның күйеуімін: Төсек туралы әңгімеден кейін намыстанып кеткен ер азамат бар шындықты жайып салды

Замира Сұлтан соңғы кездері ер азаматтардың намысына тиіп, өзінің төсекте едәуір тәжірибелі екенін айтып, мақтанған еді. Бұдан кейін оны сынағандар көбейіп, тележұлдызды экраннан алыстатуды сұрағанымен, оған құлақ асып жатқан ешкім болмады. Ал желі қолданушыларының бірі тағы бір үмітпен Замираның бұрынғы күйеуіне хат жазып, ескі махаббатын тоқтатуды сұрады.

«Замираның күйеуімін... Қалжыңдаймын, ойбай. Құдай сақтасын. Басқа салмасын. Бірақ, Замираның бұрынғы байына бір бұйымтайым бар, айтар. Тыңда бауырым...  Мынауыңа тоқта де, тіліңді алса. Намысың болса бар да, жағынан тартып жібер. 
Бұрынғы байы деген атың бар, қалай шыдап жүрсің? Намысың қайда?  Қайда жүрсе де сені кемсітіп, сені жер қылып жүргенін көрмейсің бе? 
"Көзіне шөп салдым. Басқа еркекпен жаттым" дейді. Бойыңда жаның болса Замираның аузына қақпай қой! 
Байзақовадан бетер болды мына Замира.  Одан бұрын балаларыма кері әсер етіп жатыр. Есейіп қалған. Замираның секс, төсек туралы айтқан Инстаграмдағы видеоларын көріпті. 

Жарайды, оған тыйым салдым.  Ертесіне қарасам "Еуразия" арнасында отыр. Ұялмай, қызармай, "қара нәсілдінің ана жері үлкен" дейді. Үйде үлкен кісілер бар, қарабет болдым. Арна ауыстырып та үлгермедім. Тағы бір бағдарлама да былшиып тағы отыр мына Замира.  Тағы да секс, төсек, көзге шөп салу туралы айтып жатыр.  Ойлап көрші, сенің бұрынғы әйелің телеарнада, бағдарламада осылай көкіп отыр. Әй, ұят бар ма онда?

Замираның бұрынғы күйеуімін, бұл бетпақты өзім орнына қоямын деп сен шықпасаң, басқамыз бұған қой дей алмаймыз.
Күн өткен сайын дерті асқынып барады Замираның. Айттым ғой, Байзақовадан бетер болды деп. 
Бауырым, Замираның бұрынғы күйеуі егер бұл өмірде бар болсаң, өзің қыр-сырын білетін ана әйеліңді теже! 
Ал телеарналардың тілшілеріне айтарым, рейтинг қуғанды доғарыңдар! 

Шығармаңдар Замираны экранға! Замираның деңгейіне түспеңдер...», – деп жазaды ол өзінің желідегі парақшасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары