Қоғам   21.05.2018   сағат   06:24     1901

Қарақаттың қызының кіндік шешесі тойға 1 миллион теңге сыйға тартқан (ВИДЕО)

Өткен аптада Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында дүркіреген той өтті. Жалғыз қыздары Аяланың тұсауын ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың әйелі Гүлбаршын Заирова кескен еді. Танымал әнші Индира Расылхан «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында олардың тойға әкелген сыйлықтарының сомасын айтып берді.

Қарақаттың қызының кіндік шешесі тойға 1 миллион теңге сыйға тартқан (ВИДЕО)

«Той өткізіп жатқаннан кейін ақшалай сыйлықты жақсы көреміз. Кіндік анасының өзі миллион теңге беріп жатқанын да білеміз. Әрине біз енді аралас-құралас боп жүргеннен кейін шама-шарқымыз келгенше бір-бірімізге сыйлық сыйлап жатырмыз», – деді Индира Расылхан.

Соңғы жаңалықтар