Қоғам 13.06.2018 сағат 11:35  1173

«Бізге сен сияқты ана керек емес»: Петропавлда балалары өз анасынан бас тартты (ВИДЕО)

Ерлі-зайыптылар ажырасқан соң, сот үш баланы аналарына қалдырған. Алайда, балалар өз аналарынан бас тартып, онымен бірге тұрғысы келмейтіндерін жеткізді.
Осы сәтті телефон камерасына түсіріп алған бұрынғы күйеуі видеоны NUR.KZ порталына жіберіп, балаларын өз аналарынан құтқаруға көмек сұраған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айтуынша, әйел балаларын 11 маусым күні алып кетпекші болған. Алайда, аналарының келгеніне қуанбаған олар одан бас тартады.

«Біз сені көргіміз келмейді. Айтарыңды айтып болсаң, кет. Бізге сен сияқты ана керек емес», – деп жылаған баланың дауысы естіледі бейнежазбада.

Видеода әйелдің балаларын өзімен бірге кетуге көндіре алмай отырғаны көрінеді. Олардың «сенімен бірге бармаймыз» деген сөзін естігенде ол әлгі жерде шу шығарып, айғайға басқан.

«Сендердің енді аналарың жоқ. Менімен бірге бармасаңдар ертеңгі күні жетімдер үйінде қаласыңдар», – деген әйел балаларын қорқытады.

Осы кезде балаларына шыңғырған әйелді жасөспірімдер ісімен айналысатын полиция қызметкерлері, психолог тоқтатып қалады. Олар ашушаң әйелге кішкентай балалардың жүйкесіне тимегені дұрыс екенін ескертеді.

Ал осы сәтті видеоға түсіріп алған күйеуі оның екінші әйелі екенін айтуда. Екеуі университет қабырғасында танысып, үйленген. Дегенмен, күйеуінің сөзіне қарағанда, әйелдің мұндай ашушаң болып кетуіне шаққан улы жәндік себепші. Бұл жайт Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүргенде орын алыпты. Өйткені мұның алдында әйелі діндар болған екен. Тіптен күйеуін де дінге үйреткен. Сол оқиғадан кейін-ақ келіншегі өзгеріп кетіпті. Балаларына тамақ бермей, денелері көгергенше ұрып тастауды шығарған. Сол себептен де ажырастық  деген ер азамат балаларын әйеліне беруден сескенетінін айтты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар