Қоғам 20.08.2018 сағат 17:36

Санитарлық эпидемилогиялық бақылау саласына еңбегі сіңген қайраткер Виктор Меркер дүниеден озды

20 тамыз күні 66 жасқа қараған шағында еліміздің денсаулық сақтау саласының үздігі, санитарлық эпидемиологиялық тексеру бағытына еңбегі сіңген қайраткер Меркер Виктор Александрович дүниеден озды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ол соңғы еңбек жолын Алматы қаласы Медеу аудандық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Марқұммен қоштасу 21 тамыз сағат 12:00-де Алматы қаласы Жамақаев көшесі 256/42 үйінде өтеді. Сағат 14:00-де "Жұлдыз" мейрамханасында еске алу рәсімі өтіп, ас беріледі.

Меркер Виктор Александрович 1952 жылдың 3 наурызында ҚазКСР Көкшетау облысы Алексеевка ауылында дүниеге келген. СЭС саласындағы еңбек өтілін Көкшетау облысында бастап, 1955 жылы Алматыда жалғастырған. Түрлі жылдары Алатау, Мәскеу аудандық ауруханаларының бас дәрігері, Алматы қалалық дезинфекциялық станциясының бас дәрігері, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар