Қоғам 29.08.2018 сағат 06:34

Әйелге ұл тапқыза білудің жолдары қандай?

Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. 

Әйелге ұл тапқыза білудің жолдары қандай?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Адамзат болғалы баланың жынысына кім жауапты: әке ме, ана ма деген сұрақ күн тәртібінен кетпеген шығар. Қазіргі медицина дәлелдеді: болашақ баланың жынысына тек әке жауапты!

Мектептегі биология курсынан білетініміздей, әр жасуша екі бөліктен тұрады: цитоплазма және ядро. Ядроның ішінде хромосомалар  – гендік ақпаратты тасымалдайтын айрықша «жіпшелер» орналасады. Әрбір дені сау адамда хромосомалар саны тұрақты, өзгермейді: 46 немесе 23 жұп. Әйелдер мен еркектерде 22 жұп хромосома бірдей де, жиырма үшінші жұпта айырмашылық бар. Әйелдердің жиырма үшінші жұп хромосомасы қашанда ХХ, ал еркектерде ХҮ. Ұрықтану кезінде аналық ұрық пен сперматозоид тек бір хромосомадан тұрады: әйелде тек Х, ал еркекте не Х, не Ү. Яғни, еркектің Х хромосомасы әйелдікімен кезіксе, қыз бала болады, ал Ү хромосомасы кезіксе – ұл болады. 

Құрамында Х хромосомалары бар сперматозоидтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал Ү хромосомалары бар сперматозоидтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы – қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады.

Бірақ, қышқылдық ортаны сілтілік ортаға айналдырыудың жолы бар. Ол – әйелді тояттату, яғни оргазмға бөлеу.  Егер де, еркектің шәуқаты бөлінбей тұрып әйел тояттаса, оның ағзасында айрықша сұйықтық бөлініп, ол қынаптың қышқылдық ортасын сілтілік ортаға айналдырады. Бұл ұл балаларға жылдам қозғалып, діттеген жеріне жетіп үлгеруге мүмкіндік береді.

Әрине, болашақ баланың жынысы тәуелді болатын жалғыз фактор бұл емес. Алайда…

Дереккөз: aikarakoz.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар