Қоғам 14.09.2018 сағат 11:30

Бағлан Әбдірайымов анасына операция жасалатынын айтып, халықтан тілекші болуды өтінді

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың анасы 1 айдан бері әл үстінде жатыр. Шешесін алда үлкен сынақ күтіп тұрғанын айтқан әнші жұртты анасы үшін дұға етуге шақырды.

Бағлан Әбдірайымов анасына операция жасалатынын айтып, халықтан тілекші болуды өтінді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Ниеттес бауырлар! Алланың қалауымен бүгін Анама ота жасайды! Бір айдан аса сынаққа шыдап берген Анашым, сәл шыдасаңыз бәрі артта қалады. Қасиетті Жұмада Алла тілегімізді қабыл етіп, біз ойлағаннанда жақсы етсінші!» , – деп жазған әнші «Көп тілегі қабыл болады» деп алдағы күнге үмітпен қарап отыр.

Тыңдармандары болса: «Алла шипасын берсін!», «Операция сәтті өтсін» деп әншіге қолдау білдіріп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар