Қоғам 25.10.2018 сағат 07:12  486

Жезқазғандық жастар әскери борышын өтеуге аттанды

Халқымыздың тыныштығын, мемлекеттің тұрақтылығын, ел іргесінің беріктігін күзету әр азаматтардың қасиетті борышы. Сондықтан, осы абыройлы қызметті атқару үшін әскер қатарына шақырылатын жастарды іріктеу қатаң тәртіппен жүргізіледі. Жігіттер жіті медициналық тексеріс пен моральдық дайындыөтан өткен соң ғана азаматтық борышын өтеуге аттанады. Жезқазғандық болашақ сарбаздарды темір жол вокзалында туған-туыстарымен бірге біз де шығарып салдық.

Жезқазғандық жастар әскери борышын өтеуге аттанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл жолы Жезқазған қаласынан төрт бозбала әскери өмірге бет алды. Олар Алматы облысының Сарыөзек ауылында орналасқан 12/740 әскери бөлімінде темірдей тәртіп пен қорғаныс тәсілдерін меңгеріп, қызмет ететін болады.

Тепсе темір үзетін жігіттерді қадағалап, оларға нұсқаулық жүргізіп жүрген қалалық қорғаныс ісі жөніндегі басқарманың жинақтау бөлімінің басшысы, аға лейтенант Арман Оспанов біздің жігіттер физикалық және моральдық тұрғыдан сақадай сай екенін жеткізді:

- Қарулы күштер сапында қызмет ету - әрбір ер-азаматтың борышы. Ал, оны абыройлы атқару - үлкен жауапкершілік. Осыны жете сезініп, асқақ рухпен жігерленген жігіттер Отан алдындағы парыздарын адал атқаруға дайын тұр,- дейді аға лейтенант.

Әскер қатарына алынғандардың біреуі – бір отбасының тұңғышы, енді бірі – үйдің еркесі. Енді бұның бәрі артта қалмақ. Олар ата-ана, туған-туыспен бір жылға қош айтысты. Дегенмен жастардың көзінде ешқандай өкініш пен қорқыныш жоқ. Керісінше, бойларын мақтаныш сезімі кернеп тұрғандай. Жас сарбаз Айдын Сұлтановты қолдап, ата-анасы мен бауырлары ақжол тілеуге келіпті. Анасы Ақтоты Айтмұқанова баласы үшін уайымдап тұрғанын қанша жасырғысы келгенімен, қобалжу сезімі бары байқалады. Бұл заңды да. Баласы үшін тақымын қысқан ананы біраз сөзге тартқан едік, Айдын үйінде жалғыз ұлы екен. Алдында апасы бар. Көзінің ағы мен қарасындай болған балаларының тілеуін тілеген ананың жүрегі бүгін ерекше толқыныста. Ұлының әскер қатарына алынғанына бір қуанып, бір күрсінуде. Бір жыл анасы үшін сындарлы кезең болса, ұлы үшін ер жігітке тән қасиеттерді бойына сіңіруге мүмкіндік беретін сынақ.

Біз де өз кезегімізде таудың тасындай қатар тізілген болашақ сарбаздарға үйге аман-есен оралуға жазсын деп тіледік.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар