Қоғам 27.10.2018 сағат 13:43  783

Жезқазған жастары «Туған жерім – туған елім» тақырыбында шығарма жазудан жарысты

«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Шындық» қоғамдық бірлестігі «Туған жерім – туған елім» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтіп, бүгін оза шапқандардың қанжығалары майланды.

Жезқазған жастары «Туған жерім – туған елім» тақырыбында шығарма жазудан жарысты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жалпы бұл байқау Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Мақсаты өскелең ұрпақтың туған жерін сүйіп, ұлтжанды, отансүйгіш болып қалыптасуына ықпал жасау, кіндік қаны тамған өлкесіне деген құмарлықтарын нығайту. Жас патриоттардың дарынын аймақтық «Сарыарқа» газетінің бас редакторы Дархан Мұхан мен қаламы ұшқыр қаламгер, қоғам белсендісі, «Вечерный Сәтбаев» газетінің бас редакторы Абдолла Дастан бағалады.

Байқауға 30 тарта үміткерлер қатысты. Олар Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған гуманитарлық және медициналық колледж студенттері. Сондай-ақ, қаладағы барлық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары бақтарын сынады. Олар киелі жерлерді насихаттау, этно және мектеп туризмін дамытуды өзек етті.

Сайысқа қатысушылар Жезқазған - Ұлытау аймағында туризмді дамыту, тарихи орындарды туристік орталыққа айналдыру жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Сайыс қортындысы бойынша жүлделі І – орынды және қаржылай 20 мың теңгеден Жезқазған университетінің студенті Көркем Әбдуали, Жезқазған гуманитарлық колледж шәкірті Жансая Әшірбай және Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей оқушысы Адина Серікбаева еншіледі. Ал, екінші орынды және 15 мың теңге ақшалай жүлдені гуманитарлық колледжінің студенті Құралай Жамбаева, Жезқазған медициналық колледж шәкірті Дана Мырзамсейітова және №10 ЖОББМ оқушысы Інжу Әленова иеленді. Жүлделі ІІІ орынды және 10 мың теңге көлеміндегі жүлдені Жезқазған университеті студенті Перизат Әлеева, медициналық колледж шәкірті Дидар Тұрмысов және №5 мектептің оқушысы Ақниет Ерғазина қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар арнайы дипломдар иеленсе, сайыстың басқа қатысушылары алғыс хат пен 5 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар