Қоғам 29.10.2018 сағат 07:30  721

Жезқазғанда мемқызметкерлер мен студенттер арасында дебат өтті

Ө.Байқоңыров атындағы жезқазған университетінде мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер арасында тартысты дебат турнирі өтті.

Жезқазғанда мемқызметкерлер мен студенттер арасында дебат өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекеттік қызметкер елге қызмет көрсетіп, халықпен тікелей байланыстағы тұлға болғандықтан, оған тек кәсіби әрі білікті маман болу жеткіліксіз. Бүгінгі бәсекелестік артқан заманның талабына сәйкес мемлекеттік қызметкердің бойында тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа оңай түсу, креативтілік, түрлі жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды дағдылар да болуға тиіс.

Жастармен бірге ұйымдастырылған дебаттың тақырыптары мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы болды. Бұл жолы пікір сайыс өзгеше американдық парламенттік форматта өтті. Дебаттың бұл түрі ЖОО студенттері арасында кең таралған, кейде «студенттік» деп те айтылып жүреді.

Мемлекеттік қызметкерге қойылатын басты талап – ел тарихы мен саяси-экономикалық жағдайынан хабардар болып, кез келген жаңалықты сараптай алу. Рухани және мәдени қүндылықтарды қалыптастыруға атсалысып, халықты сөзіне сендіре білуі шарт. Еркін, көркем, дәлелді сөйлейтін кез келген адам жұртты тамсандырып қана қоймай, қоғамдық өмірде өзіндік орнын қалыптасыра алады. Міне, сол себепті де, жастардың, оның ішінде студенттердің шешендік шеберлігін шыңдау мақсатында дәл осындай ерекше форматтағы пікір-сайыс өткізу идеясы пайда болған екен. Негізінен дебат сайысы алдына бірнеше мақсат-міндет қойды. Соның бірі – мемлекеттік қызметтің имиджін жақсарту.

Бүгінгі студент ертеңгі мемлекеттік қызметші екенін ескерсек, осындай пікірсайыста жастардың қарым-қабілеті айқындалатыны анық. жалпы студенттер арасында мемлекеттік қызметке қызығушылық басым екені байқалды.

Дебат барысында мемлекеттік қызмет этикасы, өзге талаптары мен ережелері, мемлекеттік қызметкерлер имиджіндегі кемшіліктер, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер мен өзге тақырыптар қамтылды.

Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша, жүлделі ІІІ орынды ЖезУ-дің «Парасат» тобы иеленді. Ал ІІ орынға мемлекеттік қызметкерлердің «Болашақ» тобы лайықты деп танылды. «Ұрпақ үні» жас дебатшылар командасы жеңімпаз атанды. Айдарбек Әлімжан, Жанбота Игенов, Айнұр Әбікенова және Іңкәр Арын өте жақсы ойын көрсетіп, «үздік спикер» атанды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар