Қоғам 29.10.2018 сағат 11:54  718

Қазақстан – достық мекені

Қазақстан – достық мекені. 19 қазан күні Жезқазғандағы С.Сейфуллин атындағы кітапханасында қала колледждерінің арасында фестиваль өтті.

Қазақстан – достық мекені
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Медицина колледжінің студенттері аталған іс-шараға белсене қатысып, Белорусь елінің салт-дәстүрін көрсетті.

Белорустық фольклор өз дәстүрлерінде басқа да славян халықтарына ұқсас болып келеді. Батырлар туралы, жарқын өмір туралы аңыздар, ертегілер жайдары көңіл-күй сыйлайды. Сайқымазақтар театры, қуыршақтар театры – батлейка дәстүрлі болып табылады.

Халықтық қолөнер бұйымдары дәстүрлі түрде белорустардың тұрмысына енеді. Рәсімдер көбінесе ұлттық музыкалық аспаптарда ойнаумен қоса жүрді. Бұл гусли мен цымбала, сылдырмақ пен скрипка, әр түрлі сопилкалар.

Студенттер беларусь халқының ұлттық киімін киіп, асын әзірледі. Қатысушылардың бәрі алғыс хатпен марапатталды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар