Қоғам 09.11.2018 сағат 04:57  377

«Мемлекеттік ұйымдар қайда қарап отыр?»: Жетімдер үйінің түлегі сәбиімен далада қалды

Ақтөбеде жетімдер үйінің түлегі 23 жастағы Надежда Юрьева сәбиін балалар үйіне беруге мәжбүр. Себебі, нәрестені бағу үшін оның басында не баспана, не жұмысы жоқ деп жазады  «Диапазон».

«Мемлекеттік ұйымдар қайда қарап отыр?»: Жетімдер үйінің түлегі сәбиімен далада қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Надежда қазір өзі секілді екі құрбысымен бірге бір бөлмелі пәтерде тұрады. Ол жұмыс істемейді, тек ай сайын мүгедектігі үшін алатын 30 мың теңгеге күн көріп отыр. Ол бірнеше жыл бұрын баспанаға құжаттар өткізіп қойған, бірақ кезегі әлі келмеген.

Келіншектің айтуынша, ол Жайсандағы колледжге оқуға түскен екен. Алайда, жүкті болып қалған ол қалаға қайта оралған. Сөйтіп, «Аналар үйіне» орналасыпты.

«Кейіннен Мәртөк ауданындағы кафеде жұмыс істедім. Сәбиім жанымда болды. Қожайын сол жерде тегін тұруыма рұқсат берді. Алайда, бірнеше айдан соң мені қолымдағы сәбиіме қарамастан қуып шықты. Тіпті Ақтөбеге баруға ақшам болмады», – дейді Надежда.

Қайта сол уақытта келіншекке ақтөбелік Алексей Журавлев көмектескен. Жолына ақша беріп, тіпті «Аналар үйіне» орналасуына да жәрдемдесіпті. Алексей ол туралы алғашында әлеуметтік желі арқылы білген екен.

«Надя жетім, онымен қоса ІІ-топтағы мүгедек. Оған жұмыс табу да қиын. Жұмыссыздығы үшін жәрдемақы төленбей ме? Жетімдерге қамқорлық көрсететін мемлекеттік ұйымдар қайда? Бір жыл бұрын менің араласуыммен «Аналар үйіне» орналастырған болатынбыз. Енді ол тағы да баласымен далада қалды», – дейді Алексей.

Алайда, қалалық жұмыспен қамту бөліміндегілер мен әлеуметтік бағдарлама қызметкерлері Надежда Юрьевның еш уақытта жәрдем сұрап келмегенін айтады. Егер құжаттарын алып келсе, қолдан келгенше көмектесетіндерін жеткізді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар