Қоғам 01.11.2018 сағат 07:00  466

Жезқазғанда «Жас отбасы – 2018» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Аталған сайыс Елбасының жаңа Жолдауы мен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бастау алып отыр. Іс-шара «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті.

Жезқазғанда «Жас отбасы – 2018» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен алтын ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата-анасы». Отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, өнегелі жолға, асыл қасиеттерге баулитында ата-ана!

«Жас отбасы – 2018» атты отбасылық байқауының мақсаты – жас ұрпақты қоғамдық ортаға жиі араластыру, олардың өнегелі істерін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттай отырып, басқалараға үлгі ету. Шығармашылығын шыңдау.

Отбасы – таным бесігі, отбасы – үлгі-өнеге бастауы. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киісі, мінез-құлқы бәрі балаға үлгі. Өйткені, бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейір алады».

Айта өтейік, бұл байқауға 17 мен 29 жас аралығында 20-ға тарта үміткер ниет білдіріп, құжаттарын өткізіп сайыс ережесіне сай тапсырмаларды орындаған болатын. Арнайы құрылған комиссияның іріктеуінен 7 отбасы талапқа сай болып, жүзден жүйрік шыққандар бүгінгі ақтық сынға ілікті. Қатысушылар алдын-ала «Отбасы құндылығы» тақырыбында эссе жазып, портфолио өткізген болатын.

Сонымен «Жас отбасы - 2018» байқауына төмендегідей 7 номинация бойынша сарапқа салынды. Олар: «Жас отбасы 2018», «Өнерлі отбасы», «Өнегелі отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Шығармашыл жас отбасы», «Ғибратты отбасы», «Үлгілі отбасы».

Жиналғандарды «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мереке Батырбекқызы Мырзабекова құттықтап, сайысты өткізудегі мақсаты мен мән-маңызын ашып түсіндірді. Мереке Батырбекқызы: «Бүгінде тез қосылып, өкінішке орай тез ажырасып жататын жас отбасылар жоқ емес екенін айта келе, осындай іс –шаралар басқаларға ой салары сөзсіз» деді.  Сондай-ақ, Елбасы айтқандай, отбасы институтын дамыту, отбасы құндылықтарын насихаттау, Отанымыздың беріктігі отбасындағы тәлім-тәрбиеге де тікелей байланысты екенін, жастардың отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге осындай мағыналы шаралардың пайдасы зорын айтты.

Сайыс қортындысы бойынша, «Ұйымшыл отбасы» номинациясына Кеңгір ауылынан Есетовтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясын Бағчай отбасы, «Ғибратты отбасы» номинациясын Камалиевтер отбасы, «Үлгілі отбасы» номинациясын Журиновтер, «Шығармашыл отбасы» номинациясын Кеңгір ауылынан Нұрмағамбетовтер отбасы, «Өнегелі отбасы» номинациясын Малшыбай ауылы атынан шыққан Қарахметовтер отбасы, ал, «Жас отбасы - 2018» номинациясын Кенжебековтер отбасы иеленді. Жеңімпаздарға ұйымдастыруышылар тарапынан арнайы диплом, қаржылай сыйақы, естеліктер табысталды.

Жезқазғандық жас та болса, біршама жетістіктерге қол жеткізген жас отбасыларға қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженов, көп балалы батыр ана Шүкір апа, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин сынды елдің беткер ұстар үлкендері ақ тілеулерін арнап, баталарын берді. Байқау барысында «Наз» ән-би ансамблі мен қаламыздың өнерпаздары ұмытылмастай мерекелік көңіл-күй тарту етті.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар