Қоғам 04.11.2018 сағат 09:37  350

Жезқазғанда дәстүрлі «Жігіт сұлтаны -2018» қалалық байқауы өтті

Аталған сайыс Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асты. Іс-шараны «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығымен өтіп отыр.

Жезқазғанда дәстүрлі «Жігіт сұлтаны -2018» қалалық байқауы өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қазақ жігіттеріне тән қасиеттерді насихаттау. Олардың бойындағы дарынын ерекше өнерін шыңдау, парасатты, жан-жақты болуға ынталандыру, сахна мәдениетіне қалыптастыру. Осындай қасиеттерді насихаттау арқылы қазақ жігіттерін өз елін, туған жерін, ата-баба дәстүрін құрметтейтін тұлға етіп тәрбиелеу.

Байқау барысында жігіттердің ақыл-парасаты, күш-қайраты, өнері-білімі сарапқа салынды. Қалалық сайысқа қаламыздағы жоғары және орта оқу ордаларынан 7 үміткер бақтарын сынады. Сайыскерлерге арнайы жасақталған түрлі сала мамандары баға берді. Қазылар олардың киіміне, орындау шеберлігіне, мазмұндылығына, қойылымына және әртістік қабілетіне баса мән берді.

Сонымен, барлық сыннан сүрінбей өткен Жезқазған медициналық колледжінің студенті Сейдан Руслан бас жүлдеге лайық деп танылып, Жігіт сұлтаны атанды.

Жүлделі І орынды Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған универсиететнің студенті Өтеубек Дінислам иеленді.

Ал, жүлделі ІІ орынды Жезқазған технология және сервис колледжінің шәкірті Свеклин Илья, ІІІ орынды Жезқазған бизнес және көлік колледжінің студенті Руслан Жаңабаев қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Басқа да қатысушыларға арнайы номинациялар берілді.

Ізтөлеу БЕКЕНҰЛЫ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар