Қоғам 23.11.2018 сағат 05:58  815

Әйел зорлап, түрмеде отырған полиция әкелік құқығынан айрылды

Ақтөбеде бұрынғы полиция қызметкері топтық зорлау ісі бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, бірінші әйелі оны әкелік құқығынан айыру туралы сотқа арыз тастаған деп жазады «Актобе Таймс».

Әйел зорлап, түрмеде отырған полиция әкелік құқығынан айрылды

Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімінің бұрынғы капитаны әйелімен ажырасқаннан кейін қызметін тастап, Ақтөбедегі ойын-сауық орталығының күзетші бөлімін басқарған. Алайда, аяғынан жарақат алған ол жұмыстан шығып кетеді.

2017 жылы бұрынғы полицей достарымен бірге интернет арқылы өздеріне секс қызметін көрсететін үш әйелді шақырады. Оларды ұрып-соғып, одан қалса біреуін жабылып зорлаған. Артынша, әйелдерден 40 мың теңге және бес қалта телефондарын тартып алады. Бұл қылмысы үшін бұрынғы полиция қызметкері 5 жыл, 6 айға бас бостандығынан айрылған.

Полицияның бұрынғы әйелі қызы үшін айына бар болғаны  4000 теңге алимент алып отырғанын айтып, оны әкелік құқығынан айыруды сұраған. Ол қызын 9 жылдан бері жалғыз асырап келіпті. Ал әкесі қызын 8 жыл бұрын ғана көрген, одан кейін еш қамқорлық көрсетпепті.

Әйелдің арызы бойынша 21 қарашада судья Нұрлыбек Ормаханов бұрынғы полицейді әйелінің арызы бойынша әкелік құқығынан айырды. Егер әкесі баласына қайтадан көмектесетін болса, онда әкелік құқығын қайта орнатуына болатынын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар