Қоғам 20.11.2018 сағат 05:09  144

Қоғамдық кеңестің ықпалы зор

Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қоғамдық кеңестердің жұмысын ел тұрғындарының 55 пайызды тиімді деп бағалайды. Бұл - қоғамдық кеңестер жұмысына берілген халықтың бағасы.

Қоғамдық кеңестің ықпалы зор
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орал қаласында өткен қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру жөніндегі республикалық конференцияда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев осылай деп мәлімдеді.

– Бұл конференцияны еліміз үшін, қоғамымыз үшін өте маңызды деп есептеймін. Қоғамдық кеңес институты бүгінгі таңда билік тармағы мен халықтың арасындағы бір дәнекер, көпір ретінде танылып отыр. Қоғамдық кеңестер республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Бұл - Елбасымыздың бес институционалдық реформасы шеңберінде іске кіріскен институт, - деді ол.

Жиында сөз алған БҚО әкімі Алтай Көлгінов мұндай ауқымды шаралар еліміздің алға қарай дамуына зор септігін тигізерін жеткізді. Әкімнің сөзіне қарағанда, өңірде 14 қоғамдық кеңес және оның 336 мүшесі бар. Облыстың дамуына қоғамдық кеңестердің ықпалы зор. «Өз басым өңір басшысы ретінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында төрт рет есеп бердім, - деді Алтай Сейдірұлы. - Айтылған ой-пікірлерді жұмысымда қолданып келемін. Азаматтық қоғам қалыптастыруды әрі қарай қалай дамыту керек? Оны осы жиында қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді азаматтар талқыға салады, ұтымды ойлар айтылады деген сенімдеміз».

Иә, жиында ұтымды ой көп айтылды. Мәселен, БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш өзінің сөзін қоғамдық кеңестердің белсенділігін арттыру барлық салада жемқорлықты азайтуға, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бәсін арттыруға, сондай-ақ елді демократияландыра түсуге септігін тигізеді деген пікірмен бөлісті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық сарапшысы Хилле Хинсберг, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, құқық қорғау органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов қоғамдық кеңестер бүгінгі таңда азаматтық қоғамның нақты институты ретінде қалыптасып үлгергенін және оны болашақта әрі қарай дамыта түсу керектігі туралы айтты. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда әділдіктің сақталуы үшін қоғамдық кеңестер құрамының 90 пайызы үкіметтік емес сектордан таңдалуы қажет екендігі көтерілген тәжірибелер туралы әңгімеледі.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар