Қоғам   01.11.2018   сағат   07:16     195

БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

Батыс Қазақстан облысында «Жомарт жүрек-2018» сыйлығымен марапаттау шарасы өтті.

БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

Жыл басынан бері бизестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңір кәсіпкерлерімен 166 қайырымдылық жобасы жүзеге асты. Оның 8-і облыс орталығында болса, қалғаны аудан-ауылдарда.

Меценаттарды салтанатты марапаттау шарасына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма мен компания басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қайырымдылық істері бойынша белсенділігімен көзге түскен бизнесмендер, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері марапатталды.

Өткен тоғыз ай ішінде облыста 166 жоба жүзеге асты. Осы жобалардың іске асуына себепші болған жандар 11 аталым бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығын алды.

Биыл Оралда Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қоры барлық қажет құрал-жабдықпен қамтылған, балаларды оңалтуға арналған бағдарламалары бар аутизм орталығын ашқан еді. Орталық 15 жасқа дейінгі аутистік спектр дертіне шалдыққан балаларды қабылдайды. Орталық әдістемесі халықаралық зерттеулерге негізделген. Ғылыми кеңесшілер ата-аналарға ақпараттық және психологиялық қолдау көрсетеді. Қазір онда 200-дей батысқазақстандық бүлдіршін ем алуда. 2014 жылы құрылған бұл қордың еңбегі елеусіз қалған жоқ. «Жүректен жүрекке» аталымы аясында қор төрағасы Марат Айтмағамбетовке белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева арнайы сыйлық табыстады. «Қайырымдылық танытып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырғандығыңыз үшін өңір тұрғындары және өз атымнан шынайы алғысымды білдіремін, - деді меценатты марапаттаған Ақұштап Бақтыгереева. - Сіздің азаматтық ұстанымыңыз бен ұлтжандылығыңыз көптеген қазақстандықтарға үлгі болмақ».

Ал «Әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін» аталымын иеленген «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы 550 миллион теңге қаражатына 11 спорт алаңдарын салды. Сол игі бастаманың нәтижесінде 20 мыңнан астам бастысқазақстандықтар заманауи жабдықталған спорт алаңдарында жаттығуға мүмкіндік алды.

Шарада «Жыл меценаты» аталымын алған «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов биыл өз қаражаты есебінен Оралда «Әмбебап дүкен» ауданы аумағынан тынымбақ салып, Қала күні мерекесіне тарту жасаған болатын. Кәсіпкер бұл жұмысқа жалпы сомасы 58 млн. теңге жұмсаған екен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен, мемлекеттік құрылымдармен табысты жұмыс істегені үшін «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» деген аталымға ие болды.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар