Қоғам 01.11.2018 сағат 10:25  195

Жас аналарға пана болар ұйым бар

Ақ Жайық өңірінде бала асырап алушы ата-аналарға қолдау, демеу беретін арнайы орталық осыдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Осынау шапағаты мен сауабы мол іске «Ана үйі» қоғамдық қоры бел шеше кіріскен еді.

Жас аналарға пана болар ұйым бар
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қордың БҚО-дағы үйлестірушісі Надия Лисицинаның айтуынша, бала асырап алуға ниетті жандарға қолдау көрсету ісі 2014 жылы басталған. Осы аралықта түрлі қиындықтарға ұшыраған немесе отбасында зәбір көрген сәбилі көптеген жас ана қор қызметінен пана тауып, нәрестесін балалар үйіне тапсырудан бас тартқан. Дегенмен, облыста әлі де болса ана алақанына, әке мейіріне зәру жетім бала көп. Оларды болашақ ата-аналарына жолықтыру жоғарыдағы орталықтың басты міндеті болып табылады. Жергілікті билік органдары мен қайырымды кәсіпкерлер жан-жақты қолдап отырған орталықта күні бүгін тәжірибелі педагогтар, заңгер мен психолог мамандар жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда «Ана үйі» қоғамдық қорының мамандары аудандарды аралап, мектептердің әлеуметтік педагогтары және психологтарымен кездесу өткізіп жүр.

Мұндай жиындарда бала асырап алғысы келетiн ата-аналарға балаға деген жылы қарым-қатынасы мен жаңаша көзқарасын қалыптастыру бағыттары туралы айтылуда. Сондай-ақ, балалар үйіндегі жеткіншектердің психологиясы, олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жайы да жан-жақты сөз болады.

-Бала асырап алу туралы шешім қабылдау оңай емес екені белгілі. Сол себепті жауапты қадам жасаған азаматтарға ата-анасыз өскен және отбасы жылуын көрмеген балалардың өздеріне тән психологиялық ерекшеліктері болатыны турасында түсінік береміз. Олардың мүлдем танымайтын отбасына бірден бейімделіп кетуі қиынға соғады. Өкінішке қарай, асырап алған балаларды кері қайтарған жағдайлар да кездесті. Сондықтан, осындай мәселелерге қатысты ата-аналарға жан-жақты кеңестер беріледі, - дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының психологы Жанаргүл Қожанова.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс қазақстан облысы

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар