Қоғам 29.11.2018 сағат 05:38  292

Ақтөбеде кейуананы ұлы ұрып-соғып, үйін тартып алған

Ақтөбеде ер адам көршілеріне 500 мың теңгеге үй сататынын айтқан. Ал ол пәтерде тұрған кейуана үйінің өз атынан баласына көшірілгенін білмейтін болып шықты. Анасына қол жұмсайтын ақтөбелік азамат қарияны алдап, құжаттарға қол қойғызып алған деп жазады NUR.KZ.

Ақтөбеде кейуананы ұлы ұрып-соғып, үйін тартып алған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ер адам өзінің кәрі анасы Ақмаралды нотариусқа алып келіп, өсиет хат толтыратынын айтқан.

Екінші топтағы мүгедек әжейдің құлағы нашар еститін болып шықты. Ол қандай құжаттарға қол қойып жатқанын білмеген.

Алайда ол өсиетнамаға емес, баласына үйді сыйға тартқаны жайлы құжатқа қол қойыпты.

Әжей өз үйінде тұрып, үйдің өзіне тиесілі емес екенін білмеген. Ал шындық байқаусызда ашылыпты.

Кейуананың қызы үйді жинап жүріп, үйдің ағасына сыйға берілгені жайлы құжатты тауып алған. Сонда барып ол үйге қызығушылық танытқан адамдардың қайдан пайда болғанын түсінеді.

Ал көршілері әжейдің ұлы үйді 500 мың теңгеге сатпақ болғанын жайып салған.

Қарт ана сотқа арыз беріп, өзінің үйді сыйға тартпақ болғаны жайлы құжаттың жалған екенін айтады.

Ал кейуананың қызы ағасының туберкулезбен ауыратынын, есірткі шегетінін мәлім еткен. Ақтөбелік қария сол себепті де үйді баласына бермеген.

Сот отырысында тағы бір сұмдық жайттың беті ашылады. Ер адам анасына қол жұмсап, ұрған екен.

Сот кейуанаға үйін қайтарып беру туралы шешім шығарған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар