Қоғам 30.11.2018 сағат 06:31  355

Астаналық даяшы VIP-мейрамханаға жасы үлкен еркектерге еріп келетін бойжеткендер туралы айтты

Астаналық даяшы елорданың қыздары өздерінен біршама жас ер адамдармен мейрамханаларға келіп, қымбат тағамдар мен шараптарға тапсырыс беретінін жеткізді. Айтуынша, өрімдей жас қыздар әкелерімен жасты еркектермен тамақтануға еш қымсынбайтын көрінеді деп жазады NUR.KZ.

Астаналық даяшы VIP-мейрамханаға жасы үлкен еркектерге еріп келетін бойжеткендер туралы айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астаналық Ержан есімді даяшы (авт. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) елорданың ірі мейрамханаларының бірінде осымен екі жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Талай адамдарға қызмет көрсеткен ол, мейрамханаларға келушілердің арасында жас қыздардың да көп болатынын айтты.

«Мейрамханамыз оң жағалауда орналасқан ірі мейрамханалардың бірі. Тағам бағалары да әркелкі: қымбаты да, орташасы да бар. Эстарада жұлдыздары келмесе де, талай бай адамдар қонақ болып жатады. Өкініштісі, солардың ішінде әкесімен жасты ер адамдармен бірге келетін өрімдей жас қыздар да бар. Даяшының жұмысы қандай?

Тапсырысты тез-тез қабылдап, тағамдарын алып келіп жатамыз. Сол кезде байқағаным әлгіндей жас қыздар ештеңеден қымсынбайды.

Керісінше, әлгіндей ағалардың мойнына асылып, қымбат тағамдар мен шараптарға тапсырыс беріп, өз дегенін жетіп жатады. Өте жиіркенішті. Ол аздай, ондай кісілер бір өздері келсе бір сәрі? Өзі сияқты қарны қампайған, орта жастағы достарымен бірге келеді және әрқайсынының жанында осындай сылқымдар отырады.

Кейде сондай үлкен жастағы ағаларға не жетпейді екен деген ойда қаласың. Әрине, жаспыз, елге ақыл айтатындай ешкім емеспіз. Бірақ ол шындық. Жалғыз Астана емес, барлық қалада сондайлар бар деп ойлаймын», – дейді даяшы.

Жас жігіттің айтуынша, жас бикештермен тамақтануға келетін ер адамдардың көпшілігінің саусағынан неке жүзігін көруге болады екен.

«Мен мұндай еркектер келгенде бірден неке жүзігін тағатын саусақтарына мән беремін. Өкініштісі, көпшілігінің қолында сондай жүзік тұрады. Әрине мұндай ер кісілердің дені ауқатты адамдар. Қыздар да сол байлық үшін осылай «жабысып» алатын шығар. Бірақ, құдай мұндай ағаттықтарды кешірмейді деп ойлаймын.

Кейін өзінің болмасын, бала-шағасының алдынан шығады. Қыздарға да айтарым, мұндай еркектер сіздер үшін отбасы мен балаларын тастамайды. Тоқал болғыларың келе ме, болыңдар. Бірақ кейін не өздеріңнің, не болашақ ұрпақтарыңның өмірі оңбайды. Алла мұндайды кешіре бермейді», – деп сөзін аяқтады даяшы.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар