Қоғам 06.12.2018 сағат 05:27  508

«Ай сайын миллиондап ақша береді»: Алматылық ару өзінің бай көңілдестері туралы айтып берді

22 жастағы Іңкәр еркектермен ақша үшін кездесетінін айтты. Сондай-ақ, көңілдестерінен ай сайын миллиондап ақша алатынын да жасырмады деп жазады Nur.kz.

«Ай сайын миллиондап ақша береді»: Алматылық ару өзінің бай көңілдестері туралы айтып берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазір мен бірнеше еркекпен кездесіп жүрмін. Олар ай сайын маған миллиондап ақша береді. Олардың ең жасы – 33 жаста, ұшқыш. Ал үлкені – 42 жаста, мемлекеттік қызметте істейді», – дейді.

Іңкәрдің айтуынша, көңілдестерімен ол интернет арқылы танысқан. Бүгінде солардың арқасында пәтер және көлік сатып алыпты. Ол ғана емес, айына екі-үш рет Дубайға шейхтармен танысуға барады екен. Іңкәр еркектерге өзінің уақытша көңіл көтеру үшін ғана керек екенін мойындайды.

«Бір күні мұндай өмірден жалығатынымды білемін. Мен барлық қыздар секілді тұрмысқа шығып, дүниеге сәби әкелгім келеді. Кейде осындай өмір сүріп жүргенім үшін өзімді ыңғайсыз және өзгелердің алдында кінәлі сезінемін. Бірақ, күндердің күнінде мұндай тірліктен бас тартатынымды білемін», – дейді Іңкәр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар