Қоғам 10.12.2018 сағат 04:10  265

«Алақан жайып елден ақша сұрауға ұяламын»: Алматыда әйел 8 баласымен суық контейнерде тұрып жатыр

Гүлзат Берікқызы  Алматының Айгерім ықшам ауданында екі бөлмелі темір контейнерді жалдап, 8 баласын асырап отыр деп жазады KYN.KZ.

«Алақан жайып елден ақша сұрауға ұяламын»: Алматыда әйел 8 баласымен суық контейнерде тұрып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Гүлзаттың жасы 34-те, сегіз балалы ана. «Алтын», «Күміс»  медальдардың иесі. Осы марапаты үшін мемлекеттен айына 14,500 теңге алады екен. Ал мына темір баспананы 25 мың теңгеге жалдап отыр.

«Сегіз балам бар. Күйеуім үш жыл болды басқа әйелмен тұрып кетті. Арасында келіп, мен жұмыста кезде кіші балаларға қарап тұрады. Екеуіміздің құдай берген 4 қыз, 4 ұлымыз бар.

Үлкенім – 13 жасар, ең кенжем – 1,5 жаста. Бірақ күйеуім келіп, балаларға алиментін төлеп тұрады. Бұйырса, түбі онымен қосыламын деп отырмын. Менің намысыма тиетіні бір рет қосылғанымда арамызға түскен әйелдің үйіне қайтып кетіп қалғаны бар.

Сондықтан, ресми қосылуға намысым жібермей жүр. Ересек төрт балам мектепте оқиды. Қалған төртеуі үйде.

Мен Күзет компаниясында жұмыс істеймін. 60 мыңнан артық айлығым бар. Мен бұл жағдайымды ешкімге айтқан емеспін. Көрген кісілер осылай түсіріп алып, желіде таратып жіберіпті.

Негізінен алақан жайып елден ақша сұрауға ұяламын, намысым жібермейді. Бірақ енді көмек қолын созамын деушілер болса затын, ақшасын ала беремін. Себебі, маған расымен өз табысым мен балалардың әкесі берген ақша кейде жетпей қалады.

Мысалы, өткен апта үш күн көмірсіз отырдым. Балалар мұздап қалды. Темір үйді білесіз. От жақса қатты ысиды. Таңға жуық тез суып кететіні бар», – дейді сегіз баланың анасы Гүлзат Берікқызы.

Көпбалалы ана мұндай қиындықта отырғанын, күйеуімен ажырасып кеткенін тіпті өз ата-анасына айтпапты. Ол мұның барлығын уақытша қиындықтар деп отыр.

Көмек қолын созғысы келетіндер: Гульзат Бериковна, Kaspi Gold карта нөмірі: 5169 4931 8884 3653 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар