Қоғам 16.12.2018 сағат 06:06  188

Шахтинск полицейлері ана мен оның екі баласын ажалдан құтқарып қалды

Шахтинск қаласының жол-патрульдік полициясының инспекторлары отқа оранған пәтерден екі кішкентай бала мен анасын құтқарып қалды деп жазады NUR.KZ.

Шахтинск полицейлері ана мен оның екі баласын ажалдан құтқарып қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Біз өз ауданымызды торауылдап жүргенбіз. Кенет көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен шыққан қара түтінді байқадық. Рациядан хабарладық. Әріптестеріміз өрт сөндірушілерді шақырды. Біз уақыт жоғалтпай үйге қарай жүгірдік. Себебі өртеніп жатқан пәтерде адамдар болуы мүмкін еді ғой", -деді полиция лейтенанты Ануар Мұхтар.

Лейтенант әріптесі сержант Ержас Хасеновпен бірге пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды сыртқа шығарған.

Өртеніп жатқан пәтерде екі баласы бар әйел адамның тұратыны анықталған. Полицейлер есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, анасы мен балаларын далаға алып шыққан.

Өрттің тұтануына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндірді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар