Қоғам 21.12.2018 сағат 11:30

Ағартқыш ішкізген: өгей анасы 7 жасар баланы алты ай бойы қорлап келген

Қытайдың Хэбэй провинциясының тұрғыны 7 жасар балаға ағартқыш ішкізіп, оны ыстық сумен жуындырған деп жазады The Sun.

Ағартқыш ішкізген: өгей анасы 7 жасар баланы алты ай бойы қорлап келген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқушының денесінен күйік іздерін мектеп мұғалімдері көріп, оның әкесіне хабарлаған. Сонда ғана өгей шешесінің балаға аяусыздықпен жасаған әрекеттері әшкере болады. Ер адам бірден әйелінің үстінен полицияға арыз жазған. 

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, өгей шешесі баланы алты ай бойы үздіксіз қорлап келген. Мұның алдында бала ата-әжесінің қолында тәрбиеленіпті. Олардың айтуынша, Сяо Цзе 7 жасар балаға ағартқыш ішуге мәжбүрлеген. Түнде әжетханаға бармасын деген оймен оны байлап тастайтын болған. 

Қазіргі кезде дәрігерлер бірінші және екінші дәрежеде күйік алған жәбірленушіні емдеп жатыр.  

Дереккөз: Life.ru

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар