Қоғам 14.01.2019 сағат 04:07  168

Жаңаөзенде автокөлік жарылып, ер адам зардап шекті (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Рахат-2» ауданында жеңіл көлік өртке оранып, салдарынан жарылған. Оқиғадан бір адам зардап шекті деп хабарлайды Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Жаңаөзенде автокөлік жарылып, ер адам зардап шекті (ВИДЕО)

12 қаңтар күні Toyota Cаmry автокөлігі кешкі сағат 21:50-де өртеніп, сағат 22:01-де сөндірілді. 

Өрттің 1987 жылғы ер азамат зардап шекті. Оның беті мен қолы күйіп қалған.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Ол аурухананың травматология бөлімінде жатыр.

Өрттің не себепті шыққаны анықталып жатыр. 

Дереккөз:Inaktau.kz

Соңғы жаңалықтар