Қоғам 14.01.2019 сағат 04:23  205

Мысырда жігітімен құшақтасқаны үшін студент қызды оқудан шығарып жіберді

Мысырда әл-Азхар университетінің студентін желіде күйеу жігітімен құшақтасқаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін оқудан шығарып жіберді деп жазады РИА Новости.

Мысырда жігітімен құшақтасқаны үшін студент қызды оқудан шығарып жіберді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өткен аптада Желіде пайда болған кадрларда ер адам студент қызға бір құшақ гүл сыйлап, үйленуге ұсыныс жасау үшін алдында тізерлеп тұрады. Кейін оны құшақтап, көтеріп алған. Ал видео студент қыз оқитын ЖОО-да емес, күйеу жігіт білім алып жүрген әл-Мансура университетінде түсірілген.

Әл-Азхир университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ЖОО жарлығына байланысты қыз оқудан шығарылыпты.

Студенттің университет басшылығының шешіміне шағым түсіруге хақы бар екен.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар