Қоғам 14.01.2019 сағат 04:49  207

Қарағандыда тәрбиеленуші анасын іздеп, балалар үйінен қашып кетті

Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісі 16 жастағы Александр Иванушкин анасын іздеуге кетіп қалған. Оны полиция қызметкерлері Бұқар жырау ауданында таба алды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі @patriotkaragandy тобында жарияланды.

Қарағандыда тәрбиеленуші анасын іздеп, балалар үйінен қашып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Александр сондағы қызметкерлердің өзара әңгімесін естіп, өзінің анасы жайында айтып жатыр деп түсінген. Сөйтіп, балалар үйінен қашып кетеді.

Ол жанына балалар үйінің тағы бәр тәрбиеленушісін ертіп алған. Ол Бұқар жырау ауданына анасын іздеп барыпты. Алайда, ешкімді таба алмаған. Полиция балаларды мекемеге қайта алып келді.

«Бала анасын қатты сағынып жүр. Бұл қалыпты жағдай. Әр балаға ана қажет. Олар өз аналарын үнемі күтумен келеді», – дейді жергілікті білім басқармасының баспасөз қызметі.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар