Қоғам 14.01.2019 сағат 06:00  269

Алтынай Жорабаева ақша шақыратын заттарға сенетіндерді адасқандарға теңеді

«Жасыл түс» байлықтың белгісі, «құрбақа» бақыт әкеледі  деп жүргендерге әнші Алтына Жорабаеваның өкпесі қара қазандай. Күллі мұсылманға парыз етілген 5 уақыт намазын қаза қылмай жүрген өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын құрбақаға сенетіндерге арнады. 

Алтынай Жорабаева ақша шақыратын заттарға сенетіндерді адасқандарға теңеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ол бақыт, байлық әкеледі деген заттардан барынша аулақ тұру керек деп ойлайды. 

«Лақтырсаң сынатын, өртесең жанатын жансыз зат бақыт әкеледі, ақша шақырады деп жүргендерге таң қаламын. «Біз оны Құдай деп жатқан жоқпыз ғой» деп ақталады. Алайда, Алла Тағала қасиетті Құранда «Мен күре тамырыңнан да жақынмын, Маған құлышлық еткенде ешқандай серік қоспа!» деген. Егер пенде Алладан өзгеге өз өмірін тапсырса, Аллаһ та ол адамды сенген затына тапсырып қояды. Ал енді өзіңіз ойлаңызшы, әлемдердің Раббысының қорғауында болған жақсы ма, қытайлардың құрбақасына қарап отырған жақсы ма? Бақ әкелсе, байлық берсе, қытайлар соны сатып байымай, өздерінде қалдырар еді-ау», – деген әнші көпшілікті адаспауға шақырды.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар