Қоғам 15.01.2019 сағат 11:51  282

«Қатал болмаймын»: Айжан Байзақова қыз тапса, оны қалай тәрбиелейтінін айтты

Жақында ғана өмірге ер бала дүниеге әкелген Айжан Байзақова қыз тапса, оны қалай тәрбиелейтіні жайлы әңгімеледі. Бұл туралы блогер Аман Тасығанның «Talk like» бағдарламасында айтты.

«Қатал болмаймын»: Айжан Байзақова қыз тапса, оны қалай тәрбиелейтінін айтты

Эфир барысында Instagram әлеуметтік желісі арқылы миллиондап қаржы табатынын айтқан Байзақова жеке өмірі жайлы ақпараттарды жасырып қалмады. Тек ұлының әкесі кім екенін нақтылап айтпағанымен бала тәрбиесінде өзіндік принцптері бар екенін мойындады.

«Білмеймін, мүмкін қызымның маған ұқсағанын қаламайтын шығармын. Жалпы балаларыммен дос боламын. Олар қиналғанда менен кеп көмек сұрауы керек. Тіпті, ішкісі келсе де, бірге отырып ішуге дайынмын. Қатал болмаймын. Оларды кез келген тығырықтан шығаруға көмектесетін боламын»,   –  деді Байзақова. 

Еске сала кетейік, жақында ғана ұлды болған Айжан Байзақова отандық бағдарламалардың бірінде баласының әкесі кәсіпкер жігіт екенін айтып қалған. 

 

Соңғы жаңалықтар