Қоғам 21.01.2019 сағат 05:46  240

«Ауылда су жоқ»: Ақтөбе іргесінде қар суын ішіп отқан тұрғындардың жағдайы мәз емес

Ақтөбеде қаланың іргесінде қар суын ішіп, от жағып отырған отбасылар бар. Ақтөбе қаласы іргесіндегі «Құрылыс-2» бау-бақша аумағында тұратын 60-қа жуық шаңырақ жайлы NUR.KZ жазады.

«Ауылда су жоқ»: Ақтөбе іргесінде қар суын ішіп отқан тұрғындардың жағдайы мәз емес
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Олардың айтуларынша, қаладан жеті шақырым жерде тұратын алпыс үйдің жағдайы мүшкіл.

Дені ауылдан көшіп келген азаматтар баспана салуға рұқсат алғанымен газ, су, жарық тарту мәселелерінде тығырыққа тірелген.

Әсіресе, шағын ауылдың жағдайы қыста қиын. Халық тапқанына отын алып отыр.

«Өткен жылы қыстан шығу үшін 12 тонна көмір алған болатынмын. Биыл 16 мыңнан 6 тонна көмірге 80 мыңнан аса қаражатқа шығып кетті. Қазір ол да таусылып, тағы да көмір алайын деп отырмын. Оған қоса ағаш аламын. Өзім құрылыста жұмыс жасаймын. Тапқанымызға отын мен тамақ аламыз. Жағдай қиын, жеткізе алмаймыз», – дейді Мейрамбек есімді ауыл тұрғыны.

Отын жарып, үйіне қар тасып жүрген келіншек ХХІ ғасырдағы от жағудан арылмаған жағдайына налыды.

«Біздер осы жаққа 2004 жылдары көшіп келдік. Осы қиындықты сол кезден көріп келеміз. Үйде бала болған соң екі бөлмеге от жағамыз. Ақтөбеде қыс алты айға созылатын кездер болады. Ондай кезде екі еселеп шығындаламыз. Тұтандыру үшін алатын ағаштың өзі 18 мың теңгеге шығады. Оған көмірді қосыңыз. Отынды тасу үшін де машинаға бөлек ақша төлейміз. Ауылда су да жоқ. Тасып ішеміз, одан қалды қардың суын ерітеміз», – дейді Лидия Жұрынбаева.

Бау-бақша аумағында баспана салуға рұқсат алғандар да, құжатын реттей алмай жүргендер де бар.

«Үйлердің арасында баспана салуға рұқсат алғандар да, алмағандар да бар. Газ тарту мәселесі бірнеше жылдан бері айқай-шу болып тұр. Газ жүргізуге төрт шақырым жерден рұқсат беріп жатыр. Ол қымбатқа шығады. Әр үйге – 500 мың теңге. Бұл жарты миллионды кез келген адам қалтасынан шығарып бере алмайды. Жақын жердегі газға рұқсат ала алмай жүргенімізге биыл үшінші жыл. Бізде ауыз су жоқ. Жеті шақырым жердегі қаладан тасып отырмыз», – дейді «Құрылыс-2» бау-бақша аумағының төрағасы Құрманғазы Бейсеналин.

Ауылға газ тарту жауапкершілігін алған жеке серіктестік те әкімшілікпен келісе алмай отырғанын жасырған жоқ.

«Бұл аумақта 350 участок бар. Қазір 60 үй ғана тұрып жатыр. Газ тарту жұмыстарына рұқсат төрт шақырым жерден беріліп тұр. Ол халыққа да бізге де қымбатқа шығады. Бір шақырым жерден газ тартатын болсақ, әр үйге 250 мың теңгеден шығар еді. Газ трубаларының барлығы жеткізілді. Барлық қондырғылар дайын. Тек техникалық құжат керек», – дейді «Алама Нұр» ЖШС-нің директоры Сәлімгерей Наурызбаев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар