Қоғам 22.01.2019 сағат 11:20  278

16 жасында бойжеткен өзінен 13 жас үлкен жігітке қалай тұрмысқа шыққанын айтты

16 жасында өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққан Балнұр қазіргі тұрмысы жайлы баяндап берді. Айтуынша, ол бой жете бастағаннан-ақ үлкен жігіттерге көзі түскен. 

16 жасында бойжеткен өзінен 13 жас үлкен жігітке қалай тұрмысқа шыққанын айтты

Балнұр күйеуінің бойынан ағасына тән қылықтарды көріпті. Содан кейін оны болашақ жұбайы ретінде елестеткен. 

«Бастапқыда аға мен қарындас боп араластық. Кейін бір-бірімізді ұнатып үйлендік. Қазір бір ұлымыз бар. Мен жас болғандықтан келіндік өмір оңайға соққан жоқ. Бірақ бәріне үйрендім. Қайын жұртыммен қатынасым жақсы. Күйеуімнің айтқанын орындаймын. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шыға алмас едім», – дейді Балнұр КТК арнасынан шығатын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.

Студияға Балнұрдың күйеуі Болатбек те келді. 30 жастағы жігіт өзінен 13 жас кіші қызды алу қалыпты нәрсе деп ойлайды. Ал жасы үлкен әйелге үйленуді мүлдем қолдамаймын дейді ол.  

 

Соңғы жаңалықтар