Қоғам 23.01.2019 сағат 04:51

Бойжеткенмен танысу үшін Қазақстанға ұшып келген поляк азаматы алданып қалды (ВИДЕО)

Польша азаматы интернет желісі арқылы танысқан бойжеткенмен кездесу үшін Талдықорғанға ұшып келген. Алайда, ол алданып қалды деп жазады Sputniknews.kz.

Бойжеткенмен танысу үшін Қазақстанға ұшып келген поляк азаматы алданып қалды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бойжеткенмен танысу үшін сонау Еуропадан келген шетелдік туралы блогер Қайрат Әбдірахман Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеген.

«Қаладағы аялдаманың бірінде бірнеше сағаттан бері поляк азаматының бір аруды күтіп тұрғанын естідім. Сөйтіп оның телефон нөмірін алып, өзіне хабарластым. 52 жастағы Пшеслав Польшадағы Сважендз қалашығынан келген екен. Ол интернет арқылы Кристина есімді бойжеткенмен танысып, біраз уақыттан бері сөйлесіп жүр екен. Өзі ұнатқан арумен кездесу үшін Талдықорғанға арнайы ұшып келген. Қазақстанға келу үшін төрт күн бойы Германия арқылы жол жүріпті. Бұл жігітке қарап, оны аяп кеттім. Сол үшін, егер қызды танитындарыңыз болса оған айтсаңыздар деймін», – дейді Қайрат Әбдірахмен.

Қала тұрғындары поляк азаматын жақсы қарсы алған. Бастысы Қазақстан туралы кері пікір қалыптаспаса екен дейді талдықорғандықтар.

«Пшеслав өте ашық, жақсы жігіт екен. Оның 17 жастағы қызы бар, әйелімен ажырасып кетіпті. Жеке бизнесімен айналысады екен. Не деген қызық, сонау алыс жерден біздің кішкентай қалашығымызға келді», – дейді блогер.



Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар