Қоғам   04.02.2019   сағат   11:54     172

18-24 жас: Ресейден кеткісі келетіндер арасында жастар көп

Ресейден шетелге көшуге ниетті азаматтардың 41 пайызын 18-24 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл туралы «Левада-центр» зерттеу орталығы жүргізген сауалнама қорытындысында айтылған деп  жазады Азаттық.

18-24 жас: Ресейден кеткісі келетіндер арасында жастар көп

Оған қатысқан азаматтардың 17 пайызы ғана Ресейден біржола көшіп кетуге әзір екенін білдірген. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш өзгермей келе жатыр. Ал тұрғылықты жерін өзгерткісі келмейтіндердің үлесі - 61 пайыз. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға көп.

«Ресейде әрбір бесінші тұрғынның соңғы екі-үш жылда шетелге қоныс аударып, сол жақта тұрып жатқан туыстары немесе таныстары бар. Жастардың 96 пайызы Ресейден кеткен адамдарға «бейтарап» я «дұрыс»  көзқараспен қарайтынын айтса, жасы 55-тен асқандардың көбі оларды жақтырмайтындарын білдірген» дейді «Левада центр».

Соңғы жаңалықтар