Қоғам 05.02.2019 сағат 04:27

«Пәтерлері жын-ойнаққа айналады»: Астана тұрғыны көршілерінің түнімен маза бермейтінін айтты

Астанадағы «Гранд Астана» тұрғын-үй кешенінің тұрғындары пәтерге жезөкшелерді әкелетін көршілеріне шағымданды. Айтуларынша, сүр бойдақтар түнімен «көңіл көтеріп», өзгелердің мазасын алады екен деп жазады NUR.KZ.

«Пәтерлері жын-ойнаққа айналады»: Астана тұрғыны көршілерінің түнімен маза бермейтінін айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астананың оң жағалауындағы «Гранд Астана» тұрғын-үй кешені көпшілікке элиталы баспана ретінде танымал.

Десе де, тұрғындардың (пәтер иелерінің өтінішімен тұрғындардың есімі жасырылды - ред) айтуынша, мұнда пәтер жалдап тұратын жандар жетіп артылады екен. Өкініштісі, баспананы жалға алушылар түнімен жезөкшелерді әкеліп, үй иелерінің мазасын алатын көрінеді.

«Жалпақ жұртқа жария қылғаннан басқа амал қалмады. Осы үйде 2013 жылдан бастап тұрып келеміз. Тірнектеп ақша жинап жүріп, бір бөлмелі пәтер алған едік. Алғанымыз не керек, маңайындағы көршілерміздің бәрі «квартиранттар».

Жап-жас жігіттер өздері тұрса мейлі, түнімен жеңіл жүрісті қыздарды әкеліп, ойларына келгенін істейді.

Түнімен маза болмайды. Отбасылы адамдармыз, кейде балалар естігенде тіптен ұялғаннан кірерге жер таппай кетеміз. Қабырғалар тым жұқа, бәрі естіліп тұрады. Ал, демалыс күндері тіптен сорақы, пәтерлері кәдімгі жын-ойнаққа айналады.

Полицейлерді шақырамыз деп те ескерткенбіз, адамша түсіндіріп те көргенбіз, амал жоқ, сөзімізге құлақ асатын ешкім жоқ. Енді үстерінен арыз жазу ғана қалды. Басқа амалымыз жоқ», - дейді тұрғындар.

Сонымен бірге, тұрғындар пәтер иелерінің де кім екенін нақты білмейміз дейді.

«Біз келгелі осы үйдің пәтер иелерін көрмеппіз. Естуімізше шетелде тұратын адамдар екен. Осылай жалға беріп кетеді, ал бұлардың мына жақта ойларына келгенін істеп жүргенін білмейді. Бәлкім осы мақаланы оқып, жігіттер де сабасына түсетін шығар.

Жаман ойымыз жоқ, бірақ әлгіндей көшенің қыздарын, жезөкшелерін әкелмесе екен дейміз. Тіпті кездескілері келіп бара жатса, басқа орын тапсын. Көршілеріміз тәрбиелі, тәртіпті отбасы болғанын қалаймыз», - деп сөзін қорытындылады қала тұрғындары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар