Қоғам 11.02.2019 сағат 11:03

Ақтөбеде мемлекеттік мекемелер көп балалы аналардың арыз-өтініштерін қабылдап жатыр

Ақтөбе қаласында бүгіннен бастап төрт жерде мемлекеттік мекемелер өкілдері көп балалы аналарды қабылдап жатыр. Аналар баспана мәселесі, балаға төленетін жәрдемақыны көбейту, балаларын балабақшаға орналастыру алу, бастауыш сыныпта оқитын балаларды тегін тамақпен және қоғамдық көлікте тегін жол жүру билетімен қамтамасыз ету, үй салуға жер бөлу және т.б. әлеуметтік проблемаларын шешуді сұрап келіп жатыр деп жазады Азаттық.

Ақтөбеде мемлекеттік мекемелер көп балалы аналардың арыз-өтініштерін қабылдап жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дүйсенбі күні Ақтөбедегі Таxауи Аxтанов атындағы драма театрына Азаттық тілшісі барған ол жерде қабылдау кезегінде тұрған жүздеген адамды көрді. Арасында шалғай ауылдардан келген әйелдер де бар.

- Біздің жеңілдіктерді өсірсін, жәрдемақымызды ай сайын жететіндей етіп қойсын. Одан артық ештеме сұрамаймыз. Мен 200 шақырым жерден Жарөткел ауылының барша аналарының мұң-мұқтажын жеткізуге келдім. [Көп балалы анаға берген] медальдарыңыз бар болсын, төрге іліп қойып қарап отырамыз. Оның орнына біздің пайдамызға асыратындай етіп жәрдем жасасын, - дейді алты баланың анасы Гүлнар Тоқабаева.

Ақтөбе облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова алдағы үш күн бойы жиналатын ақпараттар сараланып, көмекке мұқтаж аналардың тізімі жасалатынын айтты. «Ең алдымен солардың мәселелерін шешеміз. Бұл жергілікті биліктің құзырындағы нәрсе. Ал жәрдемақыны көбейту тәрізді мәселелер орталықтан шешілуі керек. Ол біздің құзырымызда емес» деді шенеунік.

Бұған дейін Ақтөбеде көп балалы аналар әлеуметтік проблемаларын шешуді талап етіп жергілікті билікке екі мәрте барған болатын.

Өткен аптадан бері Қазақстанның өзге де аймақтарында көп балалы аналар билікке талаптарын қойып жатыр. Олар жәрдемақы мөлшерін көбейтуді, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастыруды, баспана мәселесін шешуді сұрайды. 4 ақпанда Астанада уақытша баспанадағы өрттен көп балалы отбасындағы кәмелетке жетпеген бес қыз қаза болғаннан кейін Қазақстанның әр аймағында аналар билікке талап қоя бастаған. Бес бірдей баласы өртте ажал құшқан отбасы аядай тар бөлмені жалдап тұрған. Биліктің хабарлауынша, өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар