Қоғам 29.04.2019 сағат 10:55  41

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Қарағанды облысында 350 жас «Ұрпақтар естелігі» акциясын бастады

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының пат­риоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі. Қазақстан Рес­публикасының азаматтарына патриоттық тәрбие бе­рудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін ны­ғайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір азаматтың жауап­кершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қа­зіргі кезде егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Қарағанды облысында 350 жас «Ұрпақтар естелігі» акциясын бастады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан азаматтарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.

Елбасыны қашан да қолдап жүретін жастардың бірі Қарағанды жастары. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Қарағанды облысында «Ұрпақтар естелігі» акциясы басталды. 

Акцияға қатысушылар  Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдық кешендердің аумағына  абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, соғыс ардагерлерінің құрметіне аталған көшелер мен даңғылдардың бойын күл-қоқыстан тазартты.

Акция «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша жыл сайын көктем мен күз айларында өтеді. Оған партияның өңірлердегі филиалдарының, бастауыш партия ұйымдарының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысуда.

Сәуір айының жиырмасынан басталған акция облыстың 18 қаласы мен ауданын қамтыды. Шараға 350-ден астам қатысып, олар бүгінгі күнге дейін 26 ескерткіш пен  мемориалды және обелискіні қалпына келтірді. 

«Көшет отырғызып, осындай акцияларға қатысу арқылы біз елімізге, Отанымызға деген патриоттық сезіміміздің мығым екенін көрсетеміз. Мен мемлекетімді сүйемін. Қашан да елім үшін теңізге тамаған тамшыдай болса үлесімді қосуға дайынмын. Кез келген істе бірлікке қол жеткізу үшін мен бар күш-жігерімді аямаймын»,  – дейді акцияға қатысушы жастардың бірі. 

Еске сала кетейік, Ақсу қаласында да абаттандыру айлығы жүріп жатыр. Тазалық шарасына қала кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарынан шамамен 220 ұжым атсалысып, 3700 адам қатысты. Барлығы 27 бірлік техника жұмылдырылған. Ал, жалпы сенбілікке қатысушылар бекітілген учаскелерде және кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Олар әкімшілік ғимараттарға іргелес жатқан бекітілген учаскелер мен аумақтардағы жапырақтар мен қоқыстарды жинау, ағаш көшеттерін отырғызу, ағаштарды әктеу, ескерткіштерді ретке келтіру, аула ішіндегі аумақтарда гүлзарларды қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Бұл күні «Ұрпақтар естелігі» республикалық акциясына қолдау көрсетілді. Өңіріміздің қалалары мен аудандарында Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді, мемориалдар мен мүсіндерді, сондай-ақ батырлардың есімдері берілген көшелер мен даңғылдарды абаттандыру және тазалау жұмыстары жаппай жүргізілді.

Мәдениет және демалыс саябағының маңындағы аумақты және Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш маңы ретке келтіріліп, жастармен бірге көшеттер отырғызылды.

Бұл күні  аймақ аумағында 3000 ағаш отырғызылып, 4500 ағаш әктелді.Селитебті аймақтан тыс жерге 280 тонна қоқыс шығарылды.

Айта кету керек, Қарағанды облысында 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар. Оның ішінде: мемориалдық кешендер-12, бауырлас зираттар-1, Жауынгерлік Даңқ ескерткіштері – 39, Жауынгерлік Даңқ обелисктері – 91, батырлардың бюстері – 4, стелалар – 4, мемориалдық тақта – 13, естелік тақта – 7.

 

Соңғы жаңалықтар