Қоғам 17.05.2019 сағат 09:50  245

Баннер үшін 15 күнге қамалған Бейбарыс Толымбековті әскерге алып кетті

17 мамырда түсте бұған дейін «баннер үшін 15 күнге қамалып шыққан» екі белсендінің бірі Бейбарыс Толымбековті Алматыдағы әскери комиссариаттан әскерге алып кетті. Бұл ақпаратты жергілікті Vlast сайты және әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады.

Баннер үшін 15 күнге қамалған Бейбарыс Толымбековті әскерге алып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Vlast сайтының жазуынша, Толымбеков әскери комиссариат өкілдерінің кетер кезде достарымен қоштасуына мүмкіндік бермегеніне қынжылған.

«Отарға апара жатыр, форма кигізді. Сіздерді (журналистер мен достарын - ред.) білуімше, кіргізбеген сияқты, иә? Қай әскер қатарына апаратынын білмеймін. Сержанттарды даярлайтын бөлімше деді. [Әскери қызметті] Кейінге шегеру туралы өтініш жаздым. Психиатрмен де кездестім, бәрін көрсеттім. Барлық бастық әскерге баруды айтады. Сіздерді кіргізбегені өте өкінішті екен. Қазір Алматы-1 вокзалындағы пойызға дейін апарады»  деген Толымбеков.

Әскери комиссариатқа бармақ болған кезде оны ол жақтан алып кеткені анықталды.

Әлеуметтік желіде әскери форма киген Бейбарыс Толымбековтің шағын видеосы да тарады. Онда ол «әскери комиссия шешімі шықпай тұрып өзін асығыс әскерге аттандырып жатқанын»  айтады. Сөзін аяқтатпастан оны әскери форма киген кісі алып кетеді.

Бұған дейін жақтастары Толымбековтің  «қоғамдық-саяси белсенділігі үшін» әскерде қудалануы мүмкін екеніне алаңдаған. Толымбековтің өзі де ақпарат құралдарына «қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын» жеткізген еді.

Адам құқығын қорғау жөнінде қазақстандық бюро және штаб-пәтері Брюссельде шоғырланған Адам құқығын қорғау бойынша халықаралық әріптестік ұйымы 16 мамырда ортақ мәлімдеме таратып, 20 жастағы белсенді Бейбарыс Толымбековтің қауіпсіздігі мен жағдайына алаңдап отырғанын жазған.

Мәлімдемеде Толымбековтің 15 күн қамауда отырған кездегі «қысымға ұшырауынан» бөлек, қамаудан кейін кездескен «қысым мен тосқауылдар» туралы жазылған. Атап айтқанда, оның «ата-анасының үйін штаттық киім киген алты азаматтың торуылдауы», «анасын тергеп, ұлын әскери борышын өтеуге жылдам жіберуін» талап етуі сияқты жайттар айтылады. Әскери комиссариат өкілдеріне хабарласуға тырысқанмен жауап ала алмады.

21 сәуірде Алматыда марафон кезінде «Шындықтан қашып құтылмайсың» деген жазуы бар баннер ілгені үшін белсенді Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті сот 15 тәулікке қамады. Әділ сайлау өткізу мәселесін қозғаған белсенділерді елдегі азаматтар, Қазақстаннан тыс жерде оқып жүрген студенттер қолдап, акция өткізді. Халықаралық ұйымдар оқиғаға реакция білдірді. Төлесова мен Толымбеков 5 мамырда абақтыдан мерзімінен бір тәулік бұрын босап шыққан. ​

Дереккөз: Азаттық

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар