Қоғам 17.05.2019 сағат 10:26  128

Шымкенттік журналист Сенат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы ұйымдастырылып, онда ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына мегаполистен кандидат ұсыну мәселесі қаралды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік журналист Сенат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәслихаттың кезекті отырысында «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов депутаттыққа «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы Айгүл Қапбарованың кандидатурасын ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Өз кезегінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған А.Қапбарованың лайықты екенін атап өтіп, алдағы жауапты кезеңде сәттілік тіледі. «Айгүл Жарылқасынқызы - тәжірибесі толысқан, бұл лауазымға жан-жақты дайын кандидат. Қаланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Жоғарғы заң шығарушы органда да өз біліктілігін көрсетеді деп ойлаймын», - деді қала әкімі.

Айта кетейік, Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын 1997 жылы облыстық телерадиокомпанияның редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Бүгінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметін абыроймен атқарып жүр.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар