Қоғам 18.05.2019 сағат 03:55  169

Қызылорда облысында болған тікұшақ апатынының себебі анықталды

Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың бұйрығымен 2019 жылдың 27 наурызында орын алған Ми-8 тікұшақ әуе апатының тергеуі бойынша құрылған арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қызылорда облысында болған тікұшақ апатынының себебі анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тергеу жұмыстары ашық жүргізілді. Оған прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, зауыт мамандары мен әуе көліктерін жөндеу кәсіпорындарының мамандары, сонымен қоса ұшу қауіпсіздігі аясындағы Ресей Федерациясының сарапшылары қатысты.

Жұмыс қорытындылары бойынша комиссия әуе кемесіне метеорологиялық факторлардың күтпеген әсері авиациялық апаттың себебі болып табылды деген шешімге келді. Экипаждың ауа-райының алдын ала болжап болмайтын құбылысқа түсуі және адами фактордың салдарынан тікұшақ ұшудың қиын жағдайдағы режиміне шығуына және оның әуеде қирауына әкеп соқты.  

Сонымен қатар, тікұшаққа қатысты объективті бақылаудағы материалдар зерттеген кезде экипаж соңына дейін аман-есен қону үшін бар күш-жігерін аямай, күрескені анықталды. 

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Жарлығымен Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған әскери қызметшілерге қаза болғаннан кейін әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдерімен марапатталып, Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қаза болған жауынгерлердің жақындары мен туыстарына табыс етілді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан қажетті психологиялық, материалдық және басқа да көмектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті барлық әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер  көрсетіліп жатқанын айта кеткен жөн. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету бір ретпен шектелмейді. Қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру әскери әуе күштерінің әуе базалары командирлеріне, гарнизон бастықтарына тапсырылды.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Апат салдарынан 13 әскери қызметкер қаза болды. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар