Қоғам 18.05.2019 сағат 11:26  131

Елімізде бір күнде үш бала терезеден құлап кетті

Кеше 17 мамыр күні Қазақстанда 3 бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде бір күнде үш бала терезеден құлап кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

17 мамыр күні Павлодар облысының Ефремовка ауылында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен 2016 жылы және 2018 жылы туған екі бала құлап кеткен. Олар ересектердің қарауынсыз, үйде оңаша қалып қойған. Екеуі де шұғыл арада ауруханаға жеткізілді. Осы күні Қостанай қаласындағы Абай даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында үйде үлкендер жоқ кезде 2014 жылы туған ұл бала терезеден құлап кетті. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылған. 

Төтенше жағдайлар комитеті мұндай оқиғалар көп жағдайда үйде ересектер жоқ кезде болатынын еске салып, мұндай жағдайдың алдын алу үшін мынадай сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді: 

Кішкентай балаларды үйде оңаша қалдырмаңыздар. Шыбын-шіркейді өткізбейтін торға ешқашан сенбеңіздер. Ол балаларды қорғауға арналмаған. Керісінше, мұндай тор осындай жағдайға себепкер болады, өйткені бала оны берік деп ойлап, терезеге сүйенгендей оған да сүйенеді. Мүмкіндігінше терезені төменгі емес, жоғарғы жағынан ашқан дұрыс. Балаға терезеден бірдеңе көрсеткенде, оны мықтап ұстап тұрыңыз, бүлдіршіннің оқыс қимылына әрқашан дайын болыңыз. Алақаны құрғақ болуы керек. Баланы киімінен ұстамаңыз. Бөлмені желдеткенде баланың көз алдыңызда жүруін қадағалап, жаныңызда екеніне көз жеткізіңіз. Балалардың балконға үлкендерсіз, өз бетінше шығуына тыйым салыңыз. Ешқашанда ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін тастап кетуге болмайды. Себебі, бала оянып, ашық тұрған терезеге баруы мүмкін. Кереуеттен бастап барлық жиһазды терезеден аулаққа жылжытып қойыңыз. Бұл баланың еңбектеп, өрмелеп, терезенің алдына барып отыруына жол бермейді.

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар