Қоғам 19.05.2019 сағат 08:12  158

Балаңыз терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?

2- 7 жас аралығындағы балалар терезеден құлау қауіптеріне жиі тап болады. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Балаңыз терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі - терезеден құлау жағдайына байланысты. Көп жағдайда  2 жастан 7 жасқа дейінгі  балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес», - деді құтқарушылар. 

Статистика көрсеткендей, көбінесе балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы және жанындағы ересектердің немқұрайлылығы себебінен орын алады. 

Осы орайда мамандар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсынстарды берді. 

Атап айтқанда, кішкентай балаларды бөлмеде жалғыз қалдырмау маңызды.  Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе маңынан алшақ қою керек. 

«Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды. Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз», - дейді құтқарушылар. 

Бұл тұрғыда бала терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелерге арнайы бекіткіштер орнату қажет.Оған құлпы бар тұтқа немесе  тарақ-бұғаттағыш салу керек. 

«Балаларға қауіпсіздік сабақтарын, сондай-ақ олардың үлкендерін өзінен кіші балаларға қарауға үйретіңіз»,- делінген ТЖД мәліметінде. 

Еске сала кетейік,  Қазақстанда бір тәулікте 3 бүлдіршін терезеден құлап кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар