Қоғам 20.05.2019 сағат 06:00  362

Қарақат Әбілдина отбасындағы әйелдің басты міндеттерін атады

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Instagram-парақшасында отбасымен түскен суретін жариялап, отбасының ұйытқысы әйелдің басты міндеттерін атап берді. 

Қарақат Әбілдина отбасындағы әйелдің басты міндеттерін атады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әйел кісілердің міндеті: күйеуінің дінге сәйкес келетін бұйрықтарын орындау, оның намысына кір келтірмеу, әлеуметтік жағдайына қанағат ету, ысырапшылдықтан аулақ болу, күйеуінің мал-мүлкін қорғау, үйдің берекесін келтіріп отыратындай жақсы жұбай болу»,-деп жазды ол.

«Қазақ эстрадасының үлгілі жанұясы», «Қарақат апке, сіздей дана, ақылды әйелдер қоғамдағы орны мен отбасындағы рөлін, ара-жігін ажыратып қатар алып жүретін нәзік әйел символы деп білемін!!!Әдемі әйел әлемі!!!», «Керемет» деген секілді жағымды сөздер жазған желі қолданушылары өнер иесінің отбасына бақыт тілеген.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар