$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбелік әйел жазда өлтірілген лаңкестердің бірінен ұлды болғанын айтты

Ақтөбе тұрғыны маусым айындағы лаңкестік оқиғадан қаза тапқан салафилердің бірінен ұл тапқанын мәлімдеп отыр. Енді әйел лаңкес Арман Айтуғанды баланың әкесі деп ресми түрде мойындалуын талап етуде. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" порталы жазды.

Арманның анасы айтқандай, ол көзі тірісінде екі әйелмен көңіл жарастырған екен. Бірі - заңды некелескен жұбайы болса, екіншісі азаматтық некедегі әйелі. Алғашқысынан лаңкестің екі баласы бар, ал екінші әйелден бір бала дүниеге келген.

28 жастағы Арман Айтуған Хромтау ауданының Никельтау ауылында дүниеге келген. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бері ол "Салафия" ағымының өкілі ретінде ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрған.

Биыл 10 маусым күні антитеррористік операция кезінде Арман Айтуған өзге үш лаңкеспен бірге Некрасов көшесіндегі үйлердің бірінде арнайы жасақ қолынан көз жұмды. Құқық қорғаушылардың ескертуіне құлақ аспаған олар алдымен ән айтып, артынша тәртіп сақшыларына оқ жаудырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары