$ 449.58  486.94  4.86

Қостанай облысында екі баланың анасы із-түссіз жоғалып кетті

Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұратын 32 жастағы Надежда Потапова із-түссіз жоғалып кетті. Екі баланың анасын полицейлер бір аптадан бері іздеп жатыр. Тәртіп сақшыларына ерікті азаматтар да қосылған деп хабарлады жергілікті Акцент телеарнасы.

Н.Потапова кәсіпкер әрі интернатта мұғалім болып жұмыс істейді. Соңғы рет әйелді 26 қыркүйек күні "Бахыт" жанармай бекетінің маңынан кешкі сағат 20:30 шамасында көрген. Оны үйіне дейін көлігімен жеткізіп тастамақ болған танысының айтуынша, жолай әйелдің телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, онымен сөйлесіп болған соң Надежда жанармай бекетінің маңынан түсіп қалыпты. Ал, досына "күтпей кете бер" деп айтқан. Мұнан кейін кәсіпкер әйелді көрген ешкім жоқ.

Н.Потапованың туыстары оны әлеуметтік желілер арқылы да іздеп жатыр. Бірақ, нәтижесіз. Әйелдің суреті қаланың барлық аймағына ілінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары