$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте 44 жастағы әйел бесінші рет сотталып жатыр

Шымкенттік Мейрамгүл Қонысова бұған дейін түрлі қылмыстар жасағаны үшін 4 рет істі болып, 20 жылдай түрмеде отырып шыққан. Қазір есірткі сатты деген айыппен тағы да сотталып жатыр.

1991 жылы Мейрамгүл кісі өлтіріп, 7 жылға бас бостандығынан айрылыпты. Жазасын өтеп шыққаннан кейін ол көп ұзамай тағы да үш жылға бұзақылығы үшін қамалған. Ал, 2004 жылы кісінің денсаулығына залал келтіргені үшін сот оны тағы да 7 жылға түрмеге жапты. Бұл мерзімді өтеп шыққаннан кейін шымкенттік әйел есірткі сатып жүріп полицейлерге ұсталып қалған.

Еркіндікке еті үйрене қоймаған әйел бүгін тағы сот залында отыр. Жуырда түрмеден шыққаннан кейін ол есірткі саудасын қайта қыздырса керек, тәртіп сақшыларының құрығына тағы ілініпті. Өзіне тағылған айыптардың барлығымен келісіп отыр. Дегенмен, бүгінгі сот отырысында прокурорлар оның кінәсін дәлелдейтін айғақ таба алмай, судьяның алдында ұятқа қалды.

Сотқа Мейрамгүлдің кінәсін растауға екі куәгер келу керек болса, оның бірі ішкіліктің салдарынан сот ғимаратына жете алмай қалған. Ал, прокурорлар ұсынған жедел видеотүсірілім жазылған дисктің ішінде түк болмай шықты.

Мемлекеттік айыптаушылардың салғырттығын беттеріне басқан судья келесі сот отырысына тиісті дәлелдер әкелінбесе, айыпталушы Мейрамгүл Қонысованы ақтап шығаратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары