Ақтөбелік екі оқушы Ресейге барып теракт жасамақ болған - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ақтөбелік екі оқушы Ресейге барып теракт жасамақ болған

06.01.2017, 17:13
Ақтөбелік екі оқушы Ресейге барып теракт жасамақ болған Iran.ru

Ақтөбеде оқушылар дәстүрлі емес ислам ағымдарының жетегінде кеткен. Осылайша, салафилердің арбауына түскен екі оқушы Ресейге барып теракт жасамақ болыпты. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлады.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті 7 тұрғынның ісі қаралып, үкім шықты. Оларға лаңкестік топ құрып, терроризмді насихаттады, діни алауыздық туғызды деген айыптар тағылып отыр. Араларында мектептің екі оқушысы да бар.

Діни топтың "әмірі" ретінде ақтөбелік Құдайбергенов деген азамат тағайындалған. Ол ислам атын жамылған радикалды топтардың идеологиясын насихаттап, өзінің қарамағындағы топ мүшелерін жиһад жасауға үгіттепті. Осылайша, лаңкестік топ құқық қорғау қызметкерлері мен Ресей Федерациясының тұрғындарына қарсы лаңкестік әрекеттер жоспарлаған.

"Сотпен анықталғандай, топ құрамына жаңа адамдарды тарту үшін Құдайбергенов Ақтөбе мектептерінің бірінде жасырын кездесу өткізген. Жақтастары оған Сәбитов пен Жалғас есімді екі оқушыны әкеліп, өз кезегінде жеткіншектер жиһадқа аттануға келісімдерін берген. Осы кездесу барысында Құдайбергенов топ мүшелеріне Ресейде қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп, терактіні адамдар көп жиналатын орындарда жасауды тапсырған", - дейді сот өкілдері.

Айта кетейік, Құдайбергенов пен оның жақтастары 2016 жылдың тамызында қолға түскен болатын. Олармен бірге оқушылар да ұсталған.

"Сот үкім шығарарда балалардың жас ерекшелігін және қылмыстары үшін өкінгендігін ескерді", - делінген сот өкілдері таратқан хабарламада.

Осылайша, лаңкестік топ жетекшісі Құдайбергенов 9 жылға сотталса, тағы 4 мүшесі 6-9 жыл аралығында бас бостандығынан айрылды. Ал, екі оқушының әрқайсысы алдағы 6 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізбек.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші