Жаңа заң салдарынан далада қалған отбасыға Астана билігі көмектесуге уәде берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңа заң салдарынан далада қалған отбасыға Астана билігі көмектесуге уәде берді

12.01.2017, 15:23

Бұған дейін хабарланғандай, қатерлі ісікке шалдыққан бала тәрбиелеп отырған астаналық отбасы уақытша тіркеу туралы жаңа заңның салдарынан далада қалған болатын. Яғни, жалдамалы пәтер иесі оларға үйді босатуын талап еткен. Әлеуметтік желі арқылы жұрттан көмек сұраған Ботагөз Сұлтановаға енді Астана әкімдігі көмектесуге уәде беріп отыр.

"Қазіргі біздің проблема - ақшаның жоқтығы емес. Біз ақшамызға пәтер жалдай алмай отырмыз, өйткені жалға берушілер уақытша тіркеуге тұрғызғысы келмейді.Қазіргі пәтер иесі өзінің бірқатар себептеріне байланысты бізді уақытша тіркеуге ала алмайтынын айтып, қаңтарға дейін үйді босатуды тапсырды. Яғни, қақаған қыс ортасында мен екі баламмен, оның бірі науқас, Астанадан пәтер іздеуім керек", - деп жазған болатын Б.Сұлтанова бұған дейін.

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің айтуынша, аталған отбасының пролемасын шешу үшін қазір әкімдік қызметкерлері жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, Астана әкімі Әсет Исекешевтің өзі де бұл жағдайдан хабардар болып, науқас баласы бар отбасыға көмектесуге уәде беріпті.

"Менің ойымша, бүгін-ертең біз бұл мәселені шешеміз. Біз бұл жайтты назардан тыс қалдырмаймыз", - деді Арман Тұрлыбек Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші