Қоғам - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қоғам

Алматы қаласында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Қазақстан ұлттық инженерлік академиясы инженерлер мен ғалымдардың «Болашақ энергия көзі: инновациялық сценарий және оны келешекте жүзеге асыру» Дүниежүзілік конгресі тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған мәжіліс өткізді. Конгресс «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастырушылар тарапынан да қолдау тауып, оның негізгі шаралары қатарына қосылды. Аталған академиялар конгрестің негізгі ұйымдастырушылары деп танылды.

«Ас – адамның арқауы» деп бекер айтылмаған. Әлемде соңғы жылдары азық-түлікке деген сұраныс артып отыр. Халықаралық ұйымдардың деректеріне сүйенсек, дүние жүзінде халық саны жыл сайын бір жарым пайызға өседі. Бірақ азық-түлік өнімділігі орта есеппен алғанда жылына небары 0,9 пайызға ғана көбейетін көрінеді. Сөйтіп, адамзат баласының өсіп-өнуімен салыстырғанда азық-түлік өндіру 2 есеге кем болып отыр.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Елбасының бастамасымен құрылған әлемдегі бірегей институт осы уақыт аралығында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Елімізде бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден аса ұлт өкілдері өзара ынтымақтың, береке-бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Осы жолда ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқан этно-мәдени орталықтардың қызметін ерекше айтып өтуіміз керек.

Қазақстанда тірі жетімдердің көбеюі алаңдатады. Бұл туралы бүгін «ҚР-дағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу: жағдайды сапалық жағынан өзгерту және проблеманы шешудің қазіргі заманғы тәсілдері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев айтты.

Қазақстандық полицейлер алып қашудың құрбаны болған қыз туралы видеороликте бейнеленген адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "31 арна". Айта кетейік, бұл видеоны көрген қолданушылар наразылық танытты. Видеода әбден шаршаған қыз есінен танып қалады.

Астана қаласының коммуналдық қызметтері бүгін, 11 шілде күні, толассыз жауған жаңбыр салдарынан күшейтілген режимде жұмыс атқаруда, деп хабарлады astana.gov.kz. 

Анталияда қазақстандық туристерге көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Муз ТВ» жүлдесін ұйымдастырушылар шоу-бизнес жұлдыздарымен бірге қызыл кілемге шығасыңдар деп уәде берген балаларды көптеген репетициялардан кейін «сахна сыртында» қалдырған.

Дүние есігін ашқаннан бастап өмірімен қоштасқанға дейін азаматтығы жоқ адамдар кемсітушілікке кезігеді. Себебі, азаматтық – білімге, денсаулық сақтауға қолжетімділік, неке құру мен жұмысқа орналасу кепілдігі. Бірақ құқығы жоқ адамдар осының бәрінен құралақан қалады.

Таяуда Ақтаудағы «Өнер» арт галереясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Каспий көкжиегі» атты республикалық сурет байқауы мәресіне жетті.

Страница 107 из 119

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші