Қоғам - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қоғам

Ауыр жарақаттан мектеп оқушысы тіл тартпай кеткен. Қайғылы оқиға 8-ші ақпан күні болыпты. Ойын баласы әкесінің қызметтік қаруынан ажал құшқан деген мәлімет бар деп хабарлады КТК телеарнасы.

Көкшетау әкімдігінің маңында орналасқан ғимаратта бүгін таңғы уақытта өрт шығып, мекеменің күзетшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мәжілісте өткен үкімет сағатында елімізде былтыр қанша қылмыс тіркелгенін, оның қаншауы спирттік ішімдіктің салдарынан болғанын айтып берді.

Су құбырының жарылуы салдарынан Павлодар қаласының бір бөлігі сусыз қалды деп жазады Tengrinews.kz. Тұрғындар наразылықтарын әзірге әлеуметтік желілер арқылы білдіруде.

Ақпанның 11-нен 12-іне қараған түні 57 жасқа қараған шағында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин өмірден озды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Өскемен тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген. Ол газ балонынан біраз газ шығарып, үйін өртеген деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 10 ақпан күні таңертең орын алған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған BMW маркалы көлікті тоқтатпақ болған сәтте, оның жүргізушісі жылдамдығын асырып қаша жөнеліпті. Салдарынан автокөлік жол бойындағы қоршауды бұзып өтіп, аударылып қалған.

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Ақтөбелік ана қала әкімі өткізген кездесуге барып, букмекерлік кеңселерді жабуды өтінді. Оның айтуынша, бүгінгі күні жастар күндіз-түні ақша салып, құмар ойынға салынып келеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда әлеуметтік желі арқылы «Көк кит» ойынын ойнаған екі жасөспірім суицид жасамақ болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов растады деп жазады «Алау» порталы.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші