$ 443.35  475.54  4.82

Ұлт руханиятын ұлықтап...

Сала өкілдерімен ашық сұхбаттасып, рухани тақырыптарды қозғаған AMANAT партиясы облыстық филиалының сайлауалды штабы мүшесі мен кандидат Роман Мақсотов және Түрікпенбай Нұржігітов алдағы сайлау науқаны, дайындық барысы, өткізілуіндегі жаңашылдықтар туралы айтып, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
фото: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

Мәдениет, тіл, ұлттық дәстүр, өнер. Бұл - Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұжымымен өткен кездесудің негізгі өзегіне айналған тақырыптар. 

Қылқаламның құдіреті мен тылсымынан сыр ұқтырып, қалың жұртшылықтың рухани ордасына айналған, мәдени құндылықтарды сақтау, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды табыстап, аманаттауды мақсат еткен музейде елімізге танымал суретшілер, қолөнер шеберлерінің түрлі көрмелері мен байқаулары ұйымдастырылып келеді. Сала өкілдерімен ашық сұхбаттасып, рухани тақырыптарды қозғаған AMANAT партиясы облыстық филиалының сайлауалды штабы мүшесі мен кандидат Роман Мақсотов және Түрікпенбай Нұржігітов алдағы сайлау науқаны, дайындық барысы, өткізілуіндегі жаңашылдықтар туралы айтып, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

«Әр халық өз тілі, мәдениетімен ерекшеленеді. Сол арқылы топтасып, ұлттық дәстүр, өнерін дамытады. Қазақтың тілі – өте бай. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өзге ұлт өкілдерінің танымал жазушыларының небір құнды шығармаларында 25 мыңнан асатын сөз болса, бізде 2 жарым миллионға дейін сөз бар» деген Түрікпенбай Нұржігітов ана тілімізді құрметтеу туралы ойларын ортаға салды. 

Ал, алдағы сайлауға AMANAT партиясының атынан ұсынылған кандидат Роман Мақсотов сайлауға қатысты жаңашылдықтар, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басым бағыттар, облыс деңгейіндегі проблемалар, олардың шешілу жолдарына қатысты құжатта көзделген іс-шараларды талдады.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс, пікір, сауалдар жинақталды.  

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары